Индикаторлар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Индикаторлар[1] (латынша: indico – нұсқаймын, анықтаймын)

  1. белгілі бір геологиялық, топырақтық, гидрологиялық, климаттық жағдайларға тән әр-текті табиғи объектілер (өсімдіктер, қазба организмдер, кейбір минералдар және т.б.). Көптеген индикаторлар нақты қарекетте қолданылады (мыс., кейбір өсімдік индикаторлары бойынша грунт суларының жаты тереңдігі мен минералдану дәрежесін білуге болады; бірқатар индикаторлар (өсімдіктер мен минералдар) пайдалы қазбалар қорларын, мыс, мырыш және т.б. кенорындарын іздестіруді жеңілдетеді.
  1. Зерттелуші ерітіндіге аз мөлшерде енгізіліп, сол ерітіндіде химиялық әрекеттердің толық аяқталғандығын көрсететін заттар:
  • әрекеттесу аяқталысымен ерітінді түсінің өзгеруі немесе сол ерітіндіге малынған арнаулы қағаз түсінің өзгеруі;
  • мөлдір ерітінділер түбінде тұнбалардың пайда болуы немесе, керісінше, көмескі ерітінділердің мөлдірленуі;
  • түсті тұнбалар қалыптасуы немесе олардың ғайып болуы;
  • әрекет кезінде тұнбаға түскен шөгінді түсінің өзгеруі.
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads