Ионосфера
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ионосфера[1] — газ молекулаларының иондалуы жоғары болатын, 80 км-ден 800—1000 км биіктік аралығында жатқан атмосфераның қабаты. Атмосфераның 50- 80 км биіктіктерден бастап, 1200-1300 км- ге шейін созылатын жоғарғы қабаттары. Бұл қабаттарда газдар ішінара ионданған күйде болады. Қысқа толқынды радиобайланыс үшін үлкен маңызы бар.

Ионосфера[2] - Жер бетінен 50-80 км-ден мыңдаған километр биіктікке дейінгі атмосфераның жоғары ионданған қабаты (жоғары Ионосфера). Ионосфераның бөлшектері сейілген және жоғары электрөткізгіш ортаны түзеді. Ионосфера жер бетінде қысқа толқынды радиотолқындардың таралуына көп әсер етеді. Ионосферада поляр шұғыласы мен ионосфералық магниттік дауыл болып тұрады.
Ионосфераны барлап білу (Зондирование ионосферы) — 50-80 кмден 400-500 км-ге дейінгі қабаттағы атмосфераның иондану сипаты туралы деректер алу. Ол ионосфералық станция, метеорологиялық ракета арқылы жүзеге асады. Ионосфераны барлап білу деректері алыс радиобайланыс үшін тиімді жиілікті таңдау кезінде пайдаланылады. [3]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads