Кабельді теледидар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Кабельді теледидар
Remove ads

Кабельді теледидар – жоғары жиілікті кабель бойымен берілген теледидар сигналын тікелей ұжымдық антеннаға қосу арқылы теледидар тарату жүйесі. Кейбір жағдайда (негізінен, коммерциялық мақсатта) кабелдік теледидар хабарлары кодталып, оларды телевизорда қабылдау үшін канал иесі ұсынатын декодтаушы құрылғы қолданылады.

Thumb
Кабельдік теледидар жүйесінің сызбасы

Қазақстандағы ірі кабельді теледидар операторы – "Алма TV" компаниясы. Ол Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен қ-ларындағы 100 мыңға жуық абоненттерді қамтиды, 50 телеарна бағдарламаларын көрсетеді.[1]

Remove ads

Сигнал беру құрылғылары

Заманауи кабельдік теледидар желісі бас станциядан, байланыстың магистральды арналарынан, қосалқы магистральдардан және үйлерге тарату желілерінен тұрады.

Артықшылықтары

Кабельдік телевидениенің сандық және спутниктік телевидениеге қарағанда кейбір артықшылықтары бар:

  • сигналдың жоғары сапасы;
  • жоғары шуға төзімділік;
  • тығыз көпқабатты үйлері бар қалаларда сигнал беруде проблемалар жоқ;
  • абонентке ұсынылатын қызметтерді кеңейту мүмкіндігі және арналар саны.
  • телеарналардың көп саны (көбінесе кемінде 60).
  • сигналды қабылдау үшін қосымша сыртқы құрылымдардың болмауы (қабылдау антеннасының (жер үсті теледидары) немесе «табақшаның» (спутниктік теледидар) болмауы).
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads