Кальмар униясы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Кальмар униясы
Remove ads

Кальмар униясы — 1397–1523 жылдары бар болған Данияның, Норвегияның (Исландиямен қоса) және Швецияның (Финляндиямен қоса) дат корольдарының қол астына бірігуі. Бірлестік 1397 жылы Кальмар (Швеция) қаласында біржолата бекітілді; кең мағынада — Скандинавия елдерінің экономикалық және саяси жағдайларына байланысты формальды түрде болса да, унияға біріккен бүтін бір тарихи кезеңі. Уния құрудың инициаторы Данияның әйел королі Маргарита болды. Ол Дания, Швеция және Норвегияға корольдік билікті өз әулетіне бекіту үшін немере туысы Эрик Померанскийді өзімен қосыла билік жүргізетін осы үш мемлекеттің ортақ королі етіп жариялаттырды. Алайда, уния жиі Ганза лигасымен соғысқандықтан, оның қазынасы сарқылды. Швед халқы жиі көтеріліске шығып тұрды. Швеция 1471 жылы ішкі автономияны алды.[1] Швецияның униядан шығуына (1523) байланысты бұл бірлестік жойылды.[2]

Quick facts
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads