Камиль Писсарро
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Жакоб Абраам Камиль Писсарро (фр: Jacob Abraham Camille Pissarro; 10 шілде, 1830 жыл – 13 қараша, 1903 жыл) — француз кескіндемешісі, импрессионизм негізін салушылардың бірі. 1855-1861 жылдары Париждегі Сюис академиясында оқыды. Дж.Констебль, К.Коро, Ж.Ф.Милле өнерлерінің ықпалында болды. "Лувесьендегі почта күймесі" (1870,Париж,Лувр), "Айдалған жер" (1874,Мәскеудегі Бейнелеу өнері музейі) атты суреттерінде табиғат көріністері үлкен сезімталдықпен шынайы бейнеленген. Оның "Руан.Боэльде көпірі" (1896,Париж,Дюран Роэль қоры), "Париждегі Монмартр бульвары" (Ленинград Эрмитаж пейзаждарында болмысты жан-жақты терең түйсіну байқалады. Ол импессионистер бірлестігін құруға және өзінен кейінгі шеберлерді баулуда үлкен үлес қосты. Офорт, литогр.саласында да еңбек етті.
Remove ads
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads