Карлос Вела

From Wikipedia, the free encyclopedia

Карлос Вела
Remove ads

Карлос Альберто Вела Гарридо (ис. Carlos Alberto Vela Garrido; 1 наурыз1989, Канкун, Кинтана-Роо, Мексика) — мексикалық футболшы, «Лос-Анджелес» футбол клубы мен Мексика Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Remove ads

Карьерасы

Клубтық

2002 жылдан "Гвадалахара" командасының жастар клубында ойнай бастады. Оның бойындағы талантты байқаған Еуропаның бірнеше топ-клубтары Веланы өздеріне қосып алуға әрекеттенеді де, Лондонның "Арсенал" клубы бәрінен жылдамдық жасап, 2005 жылы 16 жасында-ақ Веланы сатып алады. 2012 жылға дейін "Арсеналға" тиесілі футболшы болғанымен, түрлі клубтарға жалға беріліп жатты.

2005-08 жылдары Испанияның "Сельта", "Саламанка", "Осасуна" клубтарында доп теуіп, 2008/09 жылғы маусымның қарсаңында "Арсеналға" қайта оралды. 2008 жылы 30 тамыз күні "Ньюкаслға" қарсы ойында тұңғыш рет лондондық клуб сапында ресми ойында алаңға шықты. Тұңғыш голын сол жылы 23 қыркүйек күні Англия кубогында "Шеффилд Юнайтедтің" қақпасына соқты.

2011/12 жылғы маусым қарсаңында "Реал Сосьедадқа" жалға кетті. Бір маусымнан соң испандық клуб Веланы түпкілікті өздеріне қосып алды да, "Арсеналдан" біржола қол үзді. "Реал Сосьедадта" бес маусым табан аудармай ойнап, 2017 жылы "Лос Анджелес" клубына ауысты.

Remove ads

Құрама

Ұлттық құрамада 2007 жылдан бері ойнап келеді. 2010, 2018 жылғы әлем чемпионатына барған 23 мексикалық футболшының тізіміне ілікті. 2018 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Оңтүстік Кореяның қапасына гол соғып есеп ашты. Бұл ойында Мексика 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Жетістіктер

Командалық

  • Жастар арасындағы (17) әлем чемпионы: 2005
  • КОНКАКАФ кубогы: 2009

Жеке

  • Жастар арасындағы әлем чемпионатының мергені: 2005

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads