Қаршы (қала)

Өзбекстандағы қала, Қашқадыр облысының әкімшілік орталығы From Wikipedia, the free encyclopedia

Қаршы (қала)
Remove ads

Қаршы (өзб. Qarshi, Қарши) — Өзбекстанның Қашқадария облысынының әкімшілік орталығы. Халық саны — 238,2 мың адам.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиясы

Қаршы Памир-Алай тау жүйесінің батыс бөлігіндегі Қаршы алқабында, Қашқадария өзенінің бойында орналасқан.

Климаты — құрғақ, жауын-шашын мөлшері — жылына 200-400 мм.

1970 жылдары Әмудария өзенінен жерді қолдан суару каналы жүргізілген.

Қала Ташкент қаласының оңтүстік-батысынан 400 км қашықтықта орналасқан. Қаршының шығысынан 10 км қашықтықта Қаршы-Ханабад әуе-әскери базасы бар.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық

Қаршы — үлкен қала. Ол өз елінде (Өзбекстан) халық саны бойынша 7-ші орында, облыста (Қашқадария облысы) көш бастап тұр. Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 2138 орын.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Бешкент (12 км), Жаңа Нышан (25 км), Касан (26 км), Ақалтын (29 км), Муглан (33 км), Янги-Миришкор (44 км), Ғұзар (48 км), Қамашы (59 км), Тәлімаржан (65 км), Мүбарак (69 км), Шырақшы (71 км), Яккабаг (78 км), Карашина (89 км), Нұрабад (93 км), Сув-Ховузи (117 км), Джума (120 км).[1]

Remove ads

Тарихы

Василий Бартольдтің пікірінше моңғол ханы Кебек (13181326 жылдары) Мәуереннаһрға қоныстанған соң, оның оңтүстік бөлігінде "Қаршы" сарайын тұрғызған. Моңғол тілінде "қаршы" сөзі "сарай" мағынасын береді.

1364 жылы Темірлан мұнда бекініс салды. Үлкен базар мен оазиске нәр беретін Қашқадария өзенінің суы, әдетте шығыстағы қаланың гүлденуінің кілті болды. Архелогиялық қазбалар қаланың негізі 2700 жыл бұрын қаланғанын дәлелдеп отыр. Сәйкесінше қала Өзбекстандағы ең ежелгі қалалар тізімінде. Осыған қарай 2006 жылы қаланың 2700-жылдығы аталып өтілді.

Бұхара хандығы кезеңінде Қаршы қаласы бектіктің орталығы болған және ол тұрғындарының саны жөнінен Бұхара қаласынан кейін екінші орында тұрды.

1926 жылы Қаршы қала дәрежесіне көтерілді. 1926 жылы Қаршы қала мәртебесін алғанда, өзбек ағартушысының құрметіне Бекбуди деп атала бастады. 1936 жылы ол өзінің тарихи атауына қайта оралды.[2]

Экономикасы

Қала маңында – табиғи газ өндіру (Шұртан кен орны, т.б.), «Шұртанмұнайгаз» зауыты (сұйытылған газ өндіру), Шұртан газ-химия кешені, Шуртан-Шерабад газ құбыры бар. Сондай-ақ мақта және дәнді дақылдар өндіріледі.[3]

Көрнекі жерлері

Негізгі көрікті жерлер:

  • Қожа Адбул Әзиз медресесі — қаладағы ең үлкен, қазіргі уақытта облыстық мұражай;
  • Рабия медресесі — 19 ғасырдың соңындағы әйелдер медресесі;
  • Көк Күмбез мешіті — кешеннің бір бөлігі 16 ғасырдағы ғимарат.[4]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads