Каспер Шмейхель
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Каспер Петер Шмейхель (дат. Kasper Peter Schmeichel; 5 қараша 1986 жыл) — даниялық футболшы, қақпашы. Бельгиялық «Андерлехт» клубының сапында өнр көрсетеді. Әр түрлі жастардағы Дания құрамасының құрамында ойын көрсеткен. Манчестер Юнайтед сапындағы ойынымен әйгілі болған қақпашы, Петер Шмейхельдің ұлы.
Remove ads
Маңсабы
Жеті жыл аралығында (қыркүйек 2002- тамыз 2009 ) «Манчестер Сити» клубының құрамында болған. Негізгі құрамда өз ойының өте сирек көрсеткен ( 2002—2007 жылдар аралығында клубта мүлдм ойнаған жоқ, 2007 жылдың тамыз бен қырқүйек айлар аралығында клубта 7 ойын өткізіп, осыдан кейін ағылшын ққпашысы Джо Хартпен бәсекелістікте жеңіліп, өз орнын босатты, 2008 жылы үш ойын өткізді). Әр түрлі 5 футбол клубына — негізінен төменгі ағылшын дивзиондардағы командарға және шотландық Премьер-Лигасының клубы «Фалкиркке» арендаға берілді.
2009 жылы тамызда Ағылшын Екінші Лигасының жеңімпазы «Ноттс Каунти» клубы Касперді өз құрамына алу үшін «Манчестер Сити » клубына рекордтық 1,5 миллион фунт стерлинг төледі. Каспердің үлкен жалақысы есебінен «Ноттс Каунти» даниялық футболшымен келісім шартын бұзды.
2010 жылы шілдеде Шмейхель «Лидс Юнайтед» футбол клубының құрамын толықтырды.
2011 жылы 20 маусымда 1,5 миллион фунт стерлингке «Лестер Сити» құрамына ауысты. "Лестер Сити" сапында Ағылшын Премьер лигасында 2015/16 маусымда чемпион атанды.
2022 жылдың 3 тамызы Ницца клубына қосылды[1][2]. 2023 жылдың 1 қыркүйегі келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды[3].
2023 жылдың 5 қыркүйегі Андерлехт клубымен біржылдық келісімшартқа қол қойды[4].
Remove ads
Дания ұлттық құрамасы
Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2013 жылы 6 ақпанда Македонияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.
2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері:
- Екінші ағылшын футбол лигасының жеңімпазы : 2009/10
- Англия чемпионы: 2015/16
- Ағылшын футбол лигасының жеңімпазы: 2013/14
- 2007 жылғы Данияның үздік футболшысы (21 жасқа дейін);
- Жанкүйерлердің пікірі бойынша Екінші ағылшын футбол лигасының үздік ойыншысы: 2009/2010;
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads