Катодолюминесценция
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Катодолюминесценция - кейбір заттардың бойымен электр тоғы өткенде олардың сиретілген газдардың және электрондық сәуле әсерінен өзіне тон сәуле шығару қасиеті.
Катодты люминесцентті индикатор
Катодты люминесцентті индикатор — ақпаратты бейнелеу аспабы, оның іс-әрекеті затты электрондармен соққылағанда туындайтын люминесценцияға негізделген. Катодты люминесцентті индикаторда ақпарат белгілі пішінде, сегменттерден тұратын жеке сандар немесе шартты символдар түрінде көрсетіледі.
Катодты люминесцентті индикатор, оның ішінде, шыны қабырғаларына параллель сызылған тіке каналды катод, тор және қозу деңгейі шамамен 10 В болатын төмен вольтты катодолюминофор жалатылған сегменттік электродтар жүйесі орнатылған вакуумдық баллоннан тұрады. Катодты люминесцентті индикатор электрондық сағаттар мен микрокалькуляторларда, әр түрлі құрылғылардың басқару пульттерінде колданылады.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads