Кеген (ауыл)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Кеген — ауыл, Алматы облысы Кеген ауданы және Кеген ауылдық округі орталығы.

Remove ads
Географиялық орны
Облыс орталығы – Қонаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км-дей жерде, Кеген өзенінің сол жағалауында, қожабидай, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен таудың қызыл қоңыр, қара топырақты даласында орналасқан.
Халқы
Тарихы
Іргесі 1841 жылы қаланып, "Бекет" деп аталған. Ұжымдастыру жылдарында "Құмтекей" ұжымшарының орталығы болды. 1963–1997 жылдары Кеген ауданының, Қызылту кеңшарының және Кеген ауылдық кеңесінің орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан өндірістік кооперативтер, ЖШС-тер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. 1997-2022 жылдары Райымбек ауданының орталығы болды.
Инфрақұрылымы
Баспахана, тұрмыстық қызмет көрсететін комбинаты, сауда орталығы, клуб, мәдениет үйі, кітапханалар, 3 орта, 1 орталау мектеп, мектеп-интернат, аудандық аурухана, т.б. мекемелар бар. Кеген арқылы Алматы – Нарынқол, Алматы – Қарақол (Қырғызстанда) автокөлік жолдары өтеді.[4]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads