Кененбай Молданұлы Қожабеков

From Wikipedia, the free encyclopedia

Кененбай Молданұлы Қожабеков
Remove ads

Кененбай Молданұлы Қожабеков (3 ақпан 1928, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы — 3 қараша 1988, Алматы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисті (1972).

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Өмірбаяны

Алматы театр училищесін бітірген (1950).[1]

1950—1961 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті.

1958 жылдан бері "Қазақфильм" киностудиясының актері.

1960 жылдың 10 қаңтарында Балалар мен жасөспірімдер театрынан шығып келе жатқан кезінде Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жантөрин үшеуіне көше басбұзарлары шабуыл жасап, жұлынына әлденеше жерден пышақ салып, омыртқасын зақымдайды. Осы бір қарғыс атқан күнді актердің өзі «құлап түскен күнім» деген екен[2]

Remove ads

Театрлық және кинематографиялық рөлдері

Қожабеков Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында мына рөлдерде басты кейіпкер болып ойнаған: Алдар, Ғани (Ш. Хұсайынов, «Алдар Көсе», «Біздің Ғани»), Доброходов (М. Ақынжанов, «Ыбырай Алтынсарин»), Шагабутдинов (Д. А. Фурманов, «Бүліншілік»), т.б.

Кинодағы алғашқы жұмысы — «Аласталған Алитет» фильміндегі (1950) Айенің рөлі. Ол сонымен қатар «Жамбыл» (1952, Нәдір), «Қыз-жігіт» (1955, Айдар), «Бұл Шұғылада болған еді» (1955, Бақытжан), «Мазасыз көктем» (1956, Атабаев), «Менің атым Қожа» (1963, Әмірқұл), «Қыз Жібек» (1970, Сырлыбай), «Қан мен тер» (1978, Алдаберген), «Жаушы» (1980, Манай), «Қасқырдың апаны» (1984, Бабахан), т.б. фильмдерде ойнап, кейіпкерлерінің жан дүниесін ашуда психологиялық тереңдікке, образдылыққа жетті, типтік жинақтау үлгісін көрсетті.

Remove ads

Фильмографиясы

Марапаттары

«Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған.[3]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads