Кермарал

From Wikipedia, the free encyclopedia

Кермарал
Remove ads

Кермарал (лат. Cervus elaphus) - бұғы туысына жататын сүтқоректі жануар.

Quick facts Кермарал, Амандық күйі ...

Еркегінің мүйізінде 5 тармағы бар. Құйрығы кысқа. Жаңа туған бұзауларының терісі теңбіл. Дене ұзындығы 80-250 см дейін, салмағы 75-340 кг дейін. Еуразияда, Солтүстік Африкада, Солтүстік Америкада таралған. Бірнеше географиялық түрлері бар (үзбара, марал, вапити және т.б.). Оңтүстік Америкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда жерсіндірілген.

Күзде күйленеді. Буаздығы 238-245 тәулікке созылады. Бұзауы біреу. Кәсіпшілік бағалы нысаны. Бірқатар жерде жойылған. ТМД-да аулауға шектеу койылған. Үзбараларды мен маралдарды бұғы өсіру шаруашылықтарында көбейтеді (мүйізіне бола өсіреді, жануарды соймай-ақ мүйізін кеседі) 8 түршесі ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітабына еңгізілген.[1]

Remove ads

Кермарал аңына арналған өлең тексті

Маралдым


с. М.Әлімбаев ә. Ә.Бейсеуов


Қыз Қорлан қор қызындай тамсандырған
Естайға әлемде жоқ ән салдырған
Маралды! Маралды - төр! Маралды - көл
Самалдай ән еседі қарсы алдыңнан


О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның


Туған ел, туған жерім - "Қызыл таңым"
Сапырған күн астында қызыл дәнін
Көркіңе көрмегендей қызығамын


О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның


Туған жер, өскен елім - "Қызыл таңым"
Сенікі ішкен суым, тұзым-дәмім
Даңқыңды, дәулетіңді шалқытады
Бақытын сенен тапқан қыз-ұлдарың


О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads