Кежшкемет
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Кежшкемет (маж. Kecskemét) — Мажарстанның орталығындағы Оңтүстік Альфельд ауданындағы қала. Халық саны 108 844 адам (2005 жылғы халық санағы бойынша).
Қала орнындағы көне қонысты XIII ғасырда монғолдар қиратады. Дегенмен сауда жолдарында орналасқандықтан қала тез дамиды.
- 1348 жылы I Ұлы Людовик Кежшкеметке қала дәрежесін береді.
- XVI-XVII ғасырда бүкіл Орталық Мажарстан секілді Кежшкеметте Осман империясының қол астына өтеді.
- XVIII ғасырда қала маңында мал шаруашылығы жақсы дамыды, алайда XIX ғасырда қала тұрғындары оның орнына жүзім өсірумен айналысады. Осы ғасырдың аяғында қала ауданның сауда орталығы болып, жақсы дамыды. Қалада ар-нуво үлгісіндегі бірнеше сарайлар, жаңа ратуша, шіркеу және пиар орденінің гимназиясы салынған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірнеше кәсіпорындар салынады. 1975 жылы қала маңындағы жазық далалар Кишкуншаг ұлттық саябағына қосылды.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads