Ким Чен Ын
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ким Чен Ын (кор. 김정은; [kim.dʑɔŋ.ɯːn]; Ким Джоң Ын; 8 қаңтар 1983 жыл,[a] Пхеньян) — солтүстік кореялық саясаткер, 2011 жылдан бастап билікте және 2012 жылдан бастап Корея Жұмысшылар Партиясының Бас Хатшысы лауазымының иесі. Солтүстік Кореяның екінші басшысы, Ким Чен Ирдің үшінші баласы және Ким Ир Сен, КХДР негізін салушысының немересі.[2][3][1]
Ким Чен Ын елді тоталитарлық диктатура арқылы басқарады.[4] Елде жеке басқа табынушылық және үгіт-насихат көп кездеседі.[5]
Remove ads
Өмірбаяны
Ким Чен Ын Пхеньян қаласында дүниеге келді. Ресми дереккөздерде оның туған күні 8 қаңтар, 1982 жыл деп белгіленген. Алайда Жапония Хабар Тарту Корпорациясы айтуынша Кимнің туған күні бірінші рет 2009 жылдың тамызында жарияланды, және ол Ким Чен Ир мен Ким Ир Сеннің туған күндерімен сәйкес болуы үшін ауыстырылды. 2009 жылдан бұрын жиналған мәліметке назар аударсақ, Ким Чен Ын 1982 жылы емес, бұдан бір жыл кейінірек, 1983 жылы туған.[6]
Ким Чен Ын — Ким Чен Ир мен бұрыңғы балерина Ко Ёң Хидің үш баласының ішінде екіншісі; ағасы Ким Чен Чхоль 1981 жылы және қарындасы Ким Ё Чжон 1987 жылы дүниеге келді деп есептеледі. Ким Чен Ын — КХДР жерінде туған оның бірінші басшысы. Әкесі КСРО-да[b] және атасы Жапон Империясында туған еді.
Ким Чен Ирдің барлық балалары Швейцарияда балалық шақтарын өткізді деп саналады. Ким Чен Ынның "Чол Пак" немесе "Пак Чол" лақап атын алып, Швейцарияның Мури-Берн қаласындағы Берн Халықаралық мектебінде оқығаны белгілі болды.[7] Ким сыныптастарымен өте тыныш, басқа сыныптастарымен тіл таба алатын оқушы болып сипатталды. Кейінірек "Чол Пактың" Ким Чен Ын емес, оның бауыры Ким Чен Чхоль екендігі дәлелденді.[8]
Кейінірек Ким Чен Ынның 1998 жылдан 2000 жылға дейін Солтүстік Корея елшілігі қызметкерінің ұлы ретінде Берн маңындағы Көниц қаласындағы Либефельд Штайнхольцли мемлекеттік мектебінде «Пак Ун» немесе «Ун Пак» деген атпен оқығаны хабарланды. Мектеп әкімшілігі сол жылдары мектепте Солтүстік Кореядан келген оқушының оқығанын растады. Пак Ун алдымен шет тілді балаларға арналған сыныпқа барды, кейінірек 6, 7, 8 және соңғы 9-сыныптың бір бөлігінде әдеттегі сабақтарға қатысып, 2000 жылдың күзінде мектепті кенеттен тастап кетті. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары Кимді баскетбол ұнататын, жақсы интеграцияланған бала және өршіл оқушы қылып сипаттаған.[9]
Washington Post газеті 2009 жылы Ким Чен Ынның мектептегі достары оның «Чикаго Буллз супержұлдызы Майкл Джорданның қарындашпен салған суреттерін жасау үшін бірнеше сағат жұмсағанын» еске алғанын хабарлаған.[10] Ол баскетбол мен видео ойындарға әуес болды және Джеки Чан экшн фильмдерінің жанкүйері болды.[11]

Remove ads
Ким Чен Ынның әкесі бір, анасы әртүрлі ағайыны Ким Чон Нам Ир Сеннің сүйіктісі және болашақ ізбасары болып жоспарланған еді, бірақ 2001 жылы ол Токио Диснейлендінде барғысы келіп, жалған төлқұжатпен Жапонияға кіріп жатқан кезінде ұсталып қалады да, бұл статусынан айырылады. Ким Чон Намды 2017 жылы Малайзияда Солтүстік Кореяның агенттері өлтірген деп есептеледі.

2011 жылдың 17 желтоқсан күнінде Ким Ир Сен қайтыс болған. Ким жоспарларының бар болғанына қарамастан, ізбасарының кім болатыны бірден белгілі болған жоқ.
Көп ұзамай Солтүстік Кореяның ресми газеттері және теледидары Ким Чен Ынге "Жоғары Қолбасшы", "Партияның, халықтың және әскердің басшысы" сияқты титулдары берді. 2011 жылдың 24 желтоқсанында ол Корея Халық Әскерінің Бас Қолбасшысы атанды.
Сол жылдың 26 желтоқсан күні Солтүстік Кореяның атақты газетасы Родоң Синмун Ким Чен Ынның Жоғары Басшы рөлін атқарып жүргенін мәлімдеді.
2012 жылдың жазында Ким Чен Ын Уонсу (маршал), әскердегі ең жоғарғы атағын алды.
Солтүстік Корея конституциясына сәйкес, Ким Чен Ын премьер-министр Ким Ток Хун және парламент төрағасы Чо Рён Хэмен бірге Солтүстік Корея үкіметінің атқарушы билігін басқаратын триумвираттың бөлігі болып табылады. Ким Чен Ын қарулы күштерді басқарады, Ким Ток Хун үкіметті басқарады және ішкі істерді басқарады, ал Чо Рён Хэ сыртқы байланыстарды басқарады. Дегенмен, конституция бойынша Ким Чен Ынның лауазымы үштіктің ең жоғары лауазымы болып табылады. 1998 жылдан бастап ҰДК төрағалығы конституциялық түрде «мемлекеттегі ең жоғары лауазым» ретінде анықталды.[12]
Remove ads
Ескертпелер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads