Клод Макелеле

From Wikipedia, the free encyclopedia

Клод Макелеле
Remove ads

Клод Макелеле (фр. Claude Makelele; 18 ақпан 1973, Киншаса, Заир) — француз футболшысы, жартылай қорғаушы. Франция Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Қазір Бельгияның "Эйпен" клубының бас бапкері[1].

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Карьерасы

Клубтық

Карьерасында "Нант", "Сельта", "Реал", "Челси", "ПСЖ" клубтарында ойнады.

2000-03 жылдары "Реалда" ойнап, клубтық деңгейдегі жүлденің бәріне қол жеткізді. Бірақ 2003 жылы жазда клуб басшыларымен жалақы мөлшеріне келісе алмай, жаңа клуб іздеді. Сол кезде Англияның "Челси" командасына Роман Абрамович басшы боп келді де, дереу Мекелелені сатып алды. Аталмыш клубта 2008 жылға дейін ойнады.

2009 жылы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бірақ кейін ол шешімін өзгертіп, ПСЖ клубында карьерасын жалғастырды.

Remove ads

Ұлттық құрама

Ұлттық құрамаға алғаш рет 1996 жылы шақырылса да, құрамадағы мықты футболшылардың көптігінен ӘЧ-1998, ЕУРО-2000 турнирлерінде бұған орын тимеді. Алғаш қатысқан ірі турнирі — 2002 жылғы әлем чемпионаты.

ЕУРО-2008 турнирінде Франция топтан шыға алмады да, Макелеле құрамадағы карьерасын аяқтады. Ұлттық құрамада жалпы 71 ресми кездесуде алаңға шықты.

Жетістіктері

Командалық

"Нант"

  • Франция чемпионы (1): 1995

«Реал Мадрид»

  • Испания чемпионы (2): 2001, 2003
  • Испания суперкубогы (2): 2001, 2003
  • Чемпиондар лигасы (1): 2002
  • УЕФА суперкубогы (1): 2002
  • Құрлықаралық кубок (1): 2002

«Челси»

  • Англия чемпионы (2): 2005, 2006
  • Англия кубогы (1): 2007
  • Лига кубогы (2): 2005
  • Англия суперкубогы (1): 2005

«Пари Сен-Жермен»

  • Франция кубогы (1): 2010

Жеке

  • ФИФПРО сауалнамасы бойынша жылдың әлем құрамасына енді (1): 2005
  • "Челсидің" жыл ойыншысы (1): 2006
Remove ads

Қатысқан турнирлері

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads