Кінәз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Кінәз (славян. кънезь – көсем) – IX – XVI ғасырлардағы славян елдеріндегі (Русь, Польша, Чехия, Сербия) және Литвамен, Валахиядағы бір орталыққа бағынған және аймақтық мемлекеттік құрылымдар билеушісінің лауазымы. Русте, Литвада мемлекет билеушісі ұлы кінәз, қалғандары аймақтық кінәздер деп аталды. XVI – XVIII ғасырларда Ресей империясы және Польша – Литва корольдігі құрылғаннан кейін “Кінәз” атауы ақсүйектік атаққа айналды. Ресейде Кінәз атағы тұқым қуалады. XVIII ғ-дан бастап Рюрик әулетіне (Одаевский, Горчаков, Долгорукий, т.б.), Гедимин әулетіне (Голицын, Куракин, Трубецкой, т.б.), т.с.с. ірі әулет өкілдеріне беріліп отырды (тұңғыш рет А.Д. Меньшиков алды). Кінәз атағы 1917 жылы 10 (23) қарашада Кеңес үкіметі декретімен жойылды

Remove ads
Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads