Колориметрия

From Wikipedia, the free encyclopedia

Колориметрия
Remove ads

Колориметрия (лат. сolor – түс және метрия) — боялған ерітіндідегі заттың концентрациясын сол ерітіндіде жұтылған жарық мөлшерін өлшеу арқылы анықтауға негізделген сандық анализдің (талдаудың) әдістер тобы. Ерітіндіде жұтылған жарықтың мөлшерінің және ерітінді қабатының қалыңдығы мен ерітінді концентрациясы арасындағы байланыс Бугер-Ламберт-Бер заңы бойынша анықталады:[1][2]

,
Thumb

Зерттелетін ерітінді мен стандартты ерітіндінің боялу қарқындылығын салыстыру арқылы сутегі иондарының концентрациясы анықталады, ол үшін суға сутек концентрациясына қарай түстерін өзгертетін әр түрлі заттар (индикаторлар) қосылады. Өлшеулер колориметрлермен және фотометрлермен жүргізіледі.[3]

Колориметриялық анализде әртүрлі бояулы қосылыстар пайдаланады:

  1. Ерітіндегі Fe, Co, V, Bi және тағы да басқа элементтерді анықтау үшін галогенидты және радонидты комплекс қолданылады. Мұнда реактив пен стандарт ерітінділердің концентрациясы бірдей болу қажет.
  2. Ti, V тағы басқа анықтау үшін металл комплексты сутек асқын тотығы.
  3. Мыс және никельды анықтау үшін аммияк комплексті.
  4. P, Si, As тағыда басқа анықтау үшін гетерполиқышқылы қолданылады.
  5. Перманганат түріндегі марганецті табу үшін тотығу-тотықсыздандыру реакциясы қажет. Сондай-ақ катализды және синтезді реакциялар да қолданылады. Мұнда анықтайтын компонент катализатор болып, ерітіндегі бояудың пайда болуына не оның жойлып кетуіне әсер етуі мүмкін.[4]
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads