Коло Туре

котдивуарлық футболшы From Wikipedia, the free encyclopedia

Коло Туре
Remove ads

Коло Хабиб Туре (фр. Kolo Habib Touré; 19 наурыз 1981 жыл[1], Буаке, Кот-д’Ивуар) — ивуарлық футболшы, жартылай қорғаушы. 2015 жылғы Африка чемпионы. Інісі Яя Туре де футболшы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Карьерасы

Клубтық

АСЕК Мимозас клубының түлегі. 2002 жылы "Арсеналға" ауысып, жеті жыл ойнады. "Арсенал" сапындағы тұңғыш ойынын 2002 жылғы Англия суперкубогында "Ливерпульге" қарсы өткізді. Тұңғыш голын "Стэмфорд Бриджде" "Челсидің" қақпасына соқты. "Арсенал" сапында 2004 жылы Англия чемпионы атанды.

2009 жылы "Манчестер Ситиге" ауысты.

2017 жылы "Селтикте" ойнап жүріп, карьерасын аяқтаған соң бапкерлік қызметтермен айналыса бастады, қазір "Лестер" клубында техикалық көмекші боп қызмет атқарады.

Remove ads

Ұлттық құрама

Құрама сапында 2000 жылы тұңғыш рет алаңға шықты, көптеген ірі турнирлерге қатысты. 2010 жылы Ұлттық құраманың капитаны болды.

2015 жылғы Африка Ұлттары кубогында Африка чемпионы атанды.

Жетістіктері

«Мимозас»
  • Кот-д’Ивуар чемпионы: 2001, 2002
«Арсенал»
  • Англия чемпионы: 2003/2004
  • Англия кубогы: 2002, 2003, 2005
  • Англия суперкубогы: 2002, 2004
«Манчестер Сити»
  • Англия чемпионы: 2011/2012
  • Англия кубогы: 2011
  • Англия суперкубогы: 2012
«Селтик»
  • Шотландия Лига кубогы: 2016/2017
  • Шотландия кубогы: 2016/2017
  • Шотландия чемпионы: 2016/2017

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads