Коми-пермяк тілі

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Коми-пермяк тілі (Komi-регміак language) — фин-угор тілдер отбасының фин-пермь тармағының пермь тобына кіреді, тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады (флективтілік элементтері бар).

Quick facts Өз атауы:, Елдер: ...
Remove ads

Референтті халық

Референтті халық: коми-пермяктар, пермдіктер; өз атауы — перямиктер.

Географиялық таралуы

Коми-пермяктар негізінен Пермь өлкесінің Коми-Пермяк округінде, сондай-ақ Киров облысының солтүстік-шығысында және Сібірдің кейбір аудандарында тұрады. 2010 жылы 13 372 коми-пермяктар дәстүрлі қоныстан тыс жерде өмір сүрді. Коми-пермяктардың ең көп қауымдастығы Түмен облысында, Ханты-Мансийск автономиялық округінде, Свердлов облысында, Ростов облысында, Коми республикасында, Краснодар өлкесінде шоғырланған.[1]

Remove ads

Диалектісі

4 диалектісі бар: оңтүстік (кудымкар-инвен, төменгі инвен, онков, нердвин диалектілері кіреді), солтүстік (кочев, косинск-кама, мысов, жоғарғы лупин диалектілері), Жоғарғы Кама және Коми-Язвин.[2]

Жазуы

1917 жылға дейін коми-пермяктардың жазуы коми-зырянның жазуы сияқты үш диалектінің негізінде болды: итеем, орта сысоль, төменгі вычегод. Жалпыхалықтық жазу орыс (кириллица) әліпбиінің негізінде құрылды. 1920 жылдан бастап айтарлықтай өзгертілген орыс әліпбиі қолданыла бастады. 30-жылдардың басында коми жазуы латындандырылды, ал 30-жылдардың соңында қайтадан орыс (кириллица) графикалық негізіне ауыстырылды.[3]

Коми-пермяк әліпбиі
А а Б б В в Г г Д д Е е Ё ё
Ж ж З з И и І і Й й К к Л л
М м Н н О о Ӧ ӧ П п Р р С с
Т т У у Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш
Щ щ Ъ ъ Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads