Компьютерлік томография
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Компьютерлік томография (әдетте КТ деп қысқартылады; бұрын аксиал компьютерлік томография немесе АКТ сканер деп аталған) — дененің егжей-тегжейлі ішкі кескіндерін алуға қолданылатын медицинадағы визуализация әдісі. КТ жүргізетін персоналls рентгенологтар немесе радиология технологтары дейді.[1] [2]
КТ сканерлері дененің ішіндегі әртүрлі тіндердің рентген сәулелерін ұстап қалу деңгейін өлшеу үшін айналмалы рентген түтігін және гентриде орналасқан детекторлар қатарын қолданады. Әртүрлі бұрыштардан алынған бірнеше рентген өлшемдер дененің томографиялық (көлденең кесінді) кескіндерін (виртуал «тілімдер») жасау үшін томографиялық реконструкция алгоритмдерін пайдаланып компьютерде өңделеді. Металл имплант не кардиостимуляторы бар науқастарға магнитті резонанстық томография (МРТ) жасауға болмайтындықтан, КТ ұсынуға болады.
1970 жылдардың өзінде-ақ КТ сканерлер жан-жақты бейнелеу әдісі екені дәлелденді. КТ медициналық диагностикада өте жиі қолданғанымен, оны жансыз нысандардың кескіндерін қалыптастыру үшін де қолдануға болады. 1970 жылы Оңтүстік Африка-Америкалық физик Аллан МакЛеод Кормак пен британ инженер-электрик Годфри Хоунсфилдке «компьютерлік томографияны жасағаны үшін» физиология не медицина саласындағы Нобель сыйлығы берілді. [3]
Remove ads
Түрлері


Айналмалы түтік, әдетте спиральды КТ не бұрандалы КТ деп аталады, бұл рентген түтік тұтастай сканерленетін аймақтың орталық осі айналасында айналып тұрып кескінді бейнелеу әдісі. Бұл сканерлердің нарықтағы басым түрі, себебі олар ұзағырақ шыдас береді әрі оны өндіру мен сатып алуға азырақ қаржы жұмсалады. Компьютерлік томографияның бұл түрінің кем тұсы – жабдықтың көлемі мен инерциясы (рентгендік түтік пен шеңбердің қарама-қарсы жағындағы детектор матрицасы), бұл жабдықтың айналу жылдамдығын шектейді. Кейбір конструкциялар уақыт ажыратымдылығын жақсарту әдісі ретінде екі рентген көзін және бұрышқа ығысқан детектор матрицасын қолданады.[4][5]
Remove ads
Электрон-сәулелік томография (ЭСТ) – рентген түтігі айтарлықтай ірі болатын компьютерлік томографтардың арнайы түрі. КТның бұл түрінде рентген түтігінің катоды мен аноды арасында өтетін электрондар траекториясы ғана ауытқу катушкалары көмегімен айналады.[6] Бұл түрдің басты артықшылығы – сканерлеу жылдамдығы әлдеқайда жоғары болады, бұл әдетте бұлыңғыр боп түсетін жүрек пен артерия сияқты қозғалатын құрылымдардың айқын бейнесін алуға мүмкіндік береді.[7]
Қос сәулелену көзі бар КТ – әдеттегі КТ сканердегідей бір ғана емес, екі рентген түтігі болатын детектор жүйесі бар жетілдірілген КТ сканер түрі.[8][9] Бұл екі детектор жүйесі бір жазықтықта 90° бұрыш жасап бір гентриге орнатылады.[10] Қос көзді КТ сканері жоғары уақытша ажыратымдылықпен жылдам сканерлеу арқылы тек жарты айналым жасап, толық КТ кескін алуға мүмкіндік береді. Жылдам сканерлеу арқасында жүрек қағысы жиі болғанда да кескін бұлыңғыр болмайды әрі демді ұстап қалу уақыты айтарлықтай қысқарады. Бұл ұзақ уақыт дем ұстап тұра алмайтын және жүрек қағысын сирететін дәрі іше алмайтын науқастарға пайдалы.[10][11]
Remove ads
Перфузияны КТ бейнелеу – контраст зат енгізгендегі тамырлардағы ағысты бағалауға арналған арнайы КТ түрі.[12] Қан ағысын, қанның өту уақытын әрі ағзалардағы қан көлемін сезімталдық пен арнайылық көрсеткіші жақсы әдіспен өлшеуге болады.[12] Бұл КТ түрін жүректі бағалау үшін қолдануға болады, алайда оның сезімталдық пен арнайылық көрсеткіші басқа КТ түрлерімен салыстырғанда төмендеу.[13] Сондай-ақ оның көмегімен ми перфузиясын бағалауға болатындықтан, спиральді КТда әлі көрінбейтін перфузиясы азайған ошақтарды ертерек анықтауға болады.[12][14] Инсультті анықтау үшін бұл КТ түрі басқаларынан тиімдірек.[14]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads