Конвертер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Конвертер
Remove ads

Конвертер (ағыл. converter, лат. converto – өзгертемін, айналдырамын) — балқытылған шойынды ауамен немесе оттекпен үрлеу арқылы болат алуға және мыс, мыс-мырыш, мыс-никель, мыс-қалайы штейндерін қорытуға арналған металлургиялық агрегат.

Thumb

Конвертерлер оттектік, бессемерлік, томастық, тік және көлбеу болып бөлінеді.

Конвертер электр қозғалтқышы арқылы еңкейтіліп, тік қалпына келтіріледі. Шойын құю кезінде ол көлбеу күйге, ауа үрлеу кезінде тік қалпына келтіріледі. Көнвертердің түбіндегі тар тесіктер арқылы қатты сығылып үрленген ауа шойын бойынан өтіп, ондағы қоспаларды тотықтырады.

Конвертерден алынатын болат сапасы үрленген оттектің шойын қабатына қаншалықты терең енуіне байланысты.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads