Консерватизм

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Консерватизм (фр. соnservatisme, лат. conservo - сақтаймын, қорғаймын) - саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. Бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм ұғымын алғаш рет саяси мағынада Франсуа Рене де Шатобриан пайдаланған.[1] Консерватизм жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Термин әдетте оңщыл топтарды сипаттауда пайдаланылады. Консервативті саясатты анықтауда универсалды қағидалары жоқ. Себебі консервативтіліктің негізі болатын дәстүрлер жергілікті жағдай мен уақытқа тәуелді болады. Соған байланысты әлемнің әртүрлі түкпірінен шыққан консерваторлар бір мәселе бойынша ортақ пікірде болмауы мүмкін. 18 ғасырда өмір сүрген Эдмунд Берк Ұлыбритания консерватизмінің негізгі ойшылдарының бірі болған.[2]

Remove ads

Консерватизмнің дамуы

Thumb
Эдмунд Берк (1729–1797)

Батыс консерватизмі

Thumb
Роберт Пиль (1788–1850)

Консервативті ойлау әдетте әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады. Оның алғышарты ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм). 1940-1960 жылы неоконсерватизм ағымы пайда болып, нығайды. Неоконсерватизмнің көрнекті өкілдері М. Новак, Г. Розмозер, Г.К.Кальтенбруннер және т.б. Неоконсерваторлар заңның орындалуын және азаматтар құқының қорғалуын қатаң қадағалайтын күшті мемлекет үшін, әлеуметтік теңсіздік қағидатынан еркіндік принципінің үстем тұруы үшін, табиғи әлеуметтік иерархия арқылы және әркімнің қоғам алдындағы, өзінің алдындағы өз міндетін саналы түрде орындауынан орнығатын қоғамдық тәртіп үшін күреседі. Неоконсерватизмнің қазіргі түрлері жаһанданудың шынайы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени процестерін ұлттық идеологиялар түрінде көрсетеді. Жаһандану үрдістеріне байланысты өзгерістерге консервативті реакция әртүрлі болуы мүмкін. Ол қазіргі қоғам үлгілерін барлық халықтар мен уақытқа әділетті деп қарайтын көзқарасқа сүйенетін ашық оппозиция. Дәстүрлі қоғамдық құрылымды қалпына келтіруге шақыру. Консерваторлардың "еуропеизация", "атлантизация", "еуро-азиатизация" және басқаларды қатаң сынға алуы осыған байланысты.

Remove ads

Консерватизм түрлері

Либералды консерватизм

Либералды консерватизм консервативті құндылықтар мен дәстүрлі либералды ұстанымдардың жиынтығынан тұрады.[3] Либералды консерватизм әртүрлі елдерді және заманына байланысты түрлі мағыналарға ие болуы мүмкін. Себебі, оның құраушы бөлігі болып келетін құндылықтар мен ұстанымдарға әр қоғам өзіндік мән салады. Тарихи, либералды консерватизм ұғымы экономикалық либерализм (араласпаушылық принципі) мен консерватизмнің классикалық ұстанымдары: дәстүрдің сақталуы, үлкенді және діни құндылықтарды құрметтеу секілді негіздерге сүйенеді. Классикалық либерализм болса жеке адамның экономикалық бостандықтарынан басқа әлеуметтік саладағы бостандықтарын та қолдайды.

Көп жылдар бойы консервативті идеология экономикалық либерализм аргументтерін өзіне сіңіріп келді. Сол себепті либералды консерватизм ұстанымдары консерватизмның негізгі ұстанымдарына айналды. Сонымен бірге, либералды экономикасы дәстүрлі болып есептелетін мемлекеттерде, АҚШ секілді, консерватизм ашық нарық ұстанымын қолдайды. АҚШ-тағы либералды консерватизм ұғымы классикалық либерализмнен экономикалық тәуелсіздікті ала отырып, консервативтік құндылықтарды қолдайды.

Remove ads

Консервативті либерализм

Либертариандық консерватизм

Фискалды консерватизм

Ұлттық және дәстүрлі консерватизм

Мәдени және әлеуметтік консерватизм

Діни консерватизм

Прогрессивті консерватизм

Thumb
Маргарет Тэтчер (1925–2013)

Жаңа консерватизм

Психологиясы

  • Тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі;
  • Кейбір саяси партиялардың ұстанған бағдарламалық бағыты. Консерватизм саяси идеология ретінде жаңа дәуірде пайда болды. Консерватизмнің алғашқы "идеологы" ағылшынның саяси қайраткері, философы және публицисі Эдмунд Берк (1729 — 1797) болды. "Консерватизм" терминін 1818 жылдан "Консерватор" журналын шығарып тұрған француз жазушысы Ф.Р. де Шатобриан (1768 — 1848) алғаш рет қолданған. Консерватизм идеология түрі немесе постиндустриалды қоғамның қазіргі кездегі тұжырымдамасы ретінде үш түрлі мағынада қолданылады:
  • дәстүршілдік. Ол нарықтық экономикаға тән әлеуметтік құрылымдар мен моральдық дәстүрлердің сақталуына негізделеді. Көрнекті өкілдері: Э.Берк, Ж. де Местр, JI. де Бональд Дәстүршілдік XX ғасырдың 70 — 80 жылдары АҚШ-тағы "жаңа оңшылдардың" қозғалысында көрініс тапты;
  • либертшілдік (неміс философы Алиберттің ілімін қолдаушылар). Олар индивидтің бостандығын шектемеуді уағыздады;
  • жаңа консерватизм Олар адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру, әлеуметтік қарым-қатынастарды демократияландыру идеяларын ұстанады. Қазіргі заманғы консерваторлық күштер мен ағымдар бірқалыпты консерваторлык ойлаудан бас тартып, өз идеологиясы мен практикалық саясатын бұқара халықтың мүдделері мен қажеттіліктеріне жақындастыруға үміттенуде. Саяси консерватизм — қоғамның қалыптасқан саяси іс-әрекетінің тенденциясына айналды. Саяси консерватизмді жақтаушылар өздері өмір сүріп отырған экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысты сақтап тұруға мүдделі, әрі оның тұрақтылығына кепіл бола алатын сипаты мен ерекшеліктерін көрсетеді.[4]

Дереккөздер

Қосымша оқуға

Онлайн қорлар

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads