Корея Республикасының әкімшілік бөлінісі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Корея Республикасы 1 ерекше статусты қалаға (тхыкпёльси), провинциялармен (кваңёкси) қатарлас, статусты 6 тікелей орталыққа бағынатын қалаларға («қала-метрополия»), 8 провинцияға (то) және 1 арнайы автономиялы провинцияға (тхыкпёль чачхидо) бөлінген.

Иерархия (бағынышсаты)
Remove ads
Провинция дәрежесі
То — тхыкпёльси және кванъёкси қатарындағы шекаралық-әкімшілік бірліктің бірі болып табылады. Оңтүстік Кореяда 8 провинция (Чхуңчхоң-Пукто және Чхуңчхоң-Намдо, Канвондо, Кёңгидо, Кёңсаң-Пукто және Кёңсаң-Намдо, Чолла-Пукто және Чолла-Намдо) және бір арнайы автономиялы провинция (Чеджудо) бар. Әр бір провинция қалаларға (си) және уездерге (кун) бөлінген.
Кваңъёкси — тхыкпёльси және то қатарындағы шекаралық-әкімшілік бірліктің бірі болып табылады. Оңтүстік Кореяда 6 тіке қарасты қала: Пусан, Тэгу, Инчхон, Кваңджу, Тэджон және Ульсан. Кваңджу және Тэджон аймаққа (ку) бөлінген; басқалары аймаққа (ку) және уездерге (кун) бөлінген
Тхыкпёльси — кванъёкси және то қатарындағы негізгі шекаралық-әкімшілік бірліктердің бірі болып табылады. Оңтүстік Кореяда бір ерекше статусты қала: Сеул бар. Сеул аймақтарға (ку) бөлінген.
Remove ads
Муниципалды дәреже
Си — уездермен (кун) қатарласпровинцияның жоғарғы қалалық құрам бөлігі. Қалалардың халық саны 150 000 тұрғыннан төмен болмауы тиіс; егер уездің халық саны осы саннан асса, ол қала статусына ие болады. Кейбір 500 000 астам тұрғыны бар қалалар (мысалы Сувон, Чхонджу, Чонджу) өз ішінде аудандарға (тон) бөлінген муниципалды аймақтарға (ку) бөлінген. Халық саны 500 000 тұрғыннан аз қалаларда муниципалды аймақтар болмайды және тек қалалық аудандарға бөлінеді.
Remove ads
Ку - ірі қаланың міндетті бөлігі. Сеул, Кванджу және Тэджон тіке қарасты қалалары, сондай-ақ кейбір ірі қалалар, мысалы, Сувон және Чхонджу тек муниципалды аймақтарға бөлінген, ал басқа тіке қарасты қалалар қалалық және ауылдық формациялар - муниципалдық аймақтар және уездер (кун) кіреді.
Муниципалды аймақтар қалалық аудандарға (тон) бөлінген.
Тоң — муниципалды аймақтар (ку) мен қалалардың (си) жалғыз шекаралық-әкімшілік бірлік болып табылады. Қалалық ауданда 500 000 төмен тұрғын болады. Кейбір тығызхылықты аудандар каға (가; 可) бөлінеді.
Кун — қалалармен (си) қатарлас, провинцияның жоғарғы ауылдық құрам бөлігі болып табылады. Сондай-ақ муниципалды аймақтармен (ку) қатарлас тіке қарсаты : Пусан, Тэгу, Инчхон және Ульсан қалаларына кіреді. Уездің халық саны — 150 000 тұрғыннан кем болады.
Уездер кенттерге (ып) және болстарға (мён) бөлінген.
Ып — болстармен (мен) қатарлас, уездің (кун) және кейбір 500 000 кем тұрғынды қалалардың (си) шекаралық-әкімшілік бірлігі болап саналады. Кенттің халық сан — 20 000 адамнан кем болады.
Кенттердің құрамына ауылдар (ри) кіреді.
Мён — кенттермен (ып) қатарлас, уездің (кун) және кейбір 500 000 кем тұрғынды қалалардың (си) шекаралық-әкімшілік бірлігі болап саналады. Кенттің халық сан — 20 000 адамнан кем болады.
Болыстардың құрамына ауылдар (ри) кіреді.
Ри — Кореядағы ең кіші шекаралық-әкімшілік бірлік
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads