Коростышев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Коростышев (укр. Коростишів) — Украинаның Житомир облысының Житомир ауданындағы қала. 2020 жылға дейін таратылған Коростышев ауданының әкімшілік орталығы болды.[1] 2025 жылы Коростышев қаласының тұрғындарының саны 40 696 адамды құрады.[2]
Remove ads
Географиялық орналасуы
Қала Тетерев өзенінің бойында (Днепр саласы), Житомирден шығысқа қарай 28 км жерде, Киев-Львов тас жолында орналасқан.[3]
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық
Коростышив - шағын қала. Ол өз елінде халық саны бойынша 111-ші орында (Украина), облыста 6-шы орында (Житомир облысы). Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 14887 орын.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Радомышль (23 км), Житомир (27 км), Андрушевка (32 км), Малин (52 км), Бердичев (56 км), Фастов (66 км), Казатин (68 км), Чуднов (73 км), Коростень (76 км), Сквира (78 км), Погребище (93 км), Калиновка (103 км), Тетиев (114 км).[4]
Remove ads
Тарихы
Қала аумағы ежелден бері қоныстанған. Бұған қола дәуірінен табылған құралдар дәлел бола алады, сонымен қатар VI - VII ғасырдағы 2 славян қонысы, ескі орыс қорған қорымы мен қалашығы табылды. Кейбір тарихшылар уақыт өте келе оның орнында Коростышев ауылы пайда болды деп санайды. XIV ғасырдың 60-жылдары оң жағалаудағы басқа елді мекендермен қатар ол Литва феодалдарының қол астына өтіп, 1471 жылдан Киев воеводалығының Житомир уезінің құрамына кірді. Люблин одағынан кейін Коростышев поляк билігіне өтті. 1602 жылы мұнда қамал салынып, ауыл тез дами бастады және көп ұзамай қалашыққа айналды.
XVI ғасырдың аяғында қалада шіркеу салынды, оның діни қызметкерлері халықты католиктендіруге тырысты.
1648-1654 жылдардағы азаттық соғысында Коростышев шаруалары мен қала тұрғындары поляктарға қарсы белсенді күресті.
1648 жылы маусымда уезд аумағында шаруа-казак отрядтары пайда болған кезде қала тұрғындары бургомистрімен бірге көтерілісшілер жағына өтті.
1694 жылы ақпанда поляк-дворян басқыншыларына қарсы азаттық көтеріліс кезінде Коростышевте поляк әскерлері мен И.Килиян және С.Беспалы бастаған казак отрядтары арасында шайқас болды. Олар С.Палиймен бірге оң жағалаудағы Украинаны Ресейге қайта қосуды жақтады.
1797 жылы Украинаның оң жағалауы Ресеймен қайта біріктірілгеннен кейін Коростышев қайтадан Киев губерниясының Радомысль уезінің орталығына айналды. XIX ғасырдың бірінші жартысында мұнда маталар шығаратын фабрикалар пайда бола бастады. 1910-1913 жж Коростышивте мата фабрикаларының өндірісі айтарлықтай кеңейді, оның ішінде спирт зауыты, гудрон зауыты, сыра қайнату зауыты, тас кесу цехы болды.
1923 жылы жаңа әкімшілік бөліністің енгізілуіне байланысты Коростышев аттас ауданның орталығы болды.
1941 жылы 9 шілдеде қаланы фашистер басып алды. 1943 жылдың 28 желтоқсанында 3-гвардиялық танк армиясының Суворов механикаландырылған корпусының 9-Қызыл Ту орденді әскерлері қаланы фашистерден азат етті.[5]
Өндіріс орындары
Коростышев - Украинадағы гранит өндіру және өңдеу өнеркәсібінің орталықтарының бірі. Қазіргі уақытта қалада және оның төңірегінде гранит өндірілуде, оның негізгі түсі дала шпаты түсімен анықталады – қызғылт, сары, қызыл, жасыл, сұр.
Граниттің, лабрадориттің, габброның сирек түрлері кездеседі. Қалада бірнеше жүздеген жеке гранитті өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді, олардың монументалды сәулет өнімдері бүкіл Украинаға белгілі.[6]
Remove ads
Көрікті жерлері
Коростышевте бірнеше көне ғимараттар сақталған: 19 ғасырдағы ағаш шіркеу, педагогикалық колледж ғимараты, автовокзал ғимараты т.б. Тетерев өзенінің аңғарында көптеген демалыс орындары, пансионаттар мен санаторийлер бар.[7]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads