Коряк тілі

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Коряк тілі (Koryak language) — палеоазияттық тілдер отбасының чукот – камчатка тармағына кіреді. Үндестігі бар тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады.[1]

Quick facts Өз атауы:, Елдер: ...
Remove ads

Референтті халық

Референтті халық: коряктар; өз атауы: жағалау коряктары – нымылгын, бұғы өсіруші коряктар – чавиын.

Географиялық таралуы

Коряктар Камчатка түбегінің солтүстік және орталық бөлігінде, Беринг және Охот теңіздерінің жағалауында, этникалық топтың көпшілігі Коряк автономиялық округінде тұрады. Коряктардың аз бөлігі Камчатка облысының Коряк автономиялық округінің құрамына кірмейтін аудандарында (Быстринский, Соболевский), 700-ден астам коряктар қазіргі Магадан облысының Северо-Евенск ауданының аумағында, негізінен Тайгонос түбегінде тұрады.[2]

Remove ads

Диалектісі

Коряк тілінде бірнеше диалектілер бар: чавчувен, апукин, камен, алютор (кейде дербес тіл болып саналады), иткан, олардың ішінде чувчувен диалектісі жазудың негізін қалады. Чавчувен диалектісінде бұғы бағушы коряктар сөйлейді.[3]

Жазуы

Коряк тілінің жазу жүйесі 1930 жылдары жасалды – алдымен латын әліпбиіне, содан кейін кириллицаға негізделген. Бірінші коряк әліппесін сол уақытта лингвист, этнограф-солтүстікші, алғашқы коряк мектептерінің ұйымдастырушысы Сергей Стебницкий жасаған.[4]

А а Б б В в Вʼ вʼ Г г Гʼ гʼ Д д Е е
Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Ӄ ӄ Л л
М м Н н Ӈ ӈ О о П п Р р С с Т т
У у Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ
Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads