Коферменттер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Коферменттер
Remove ads

Коферменттер немесе Коэнзимдер (лат. Ко - «бірге» жəне фермент) — құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апорферментепен тығыз байланысқан. Ферменттің мықты байланысқан кофакторы - простетикалық топ. Көптеген ферменттердің активтігі үшін екі фактордың да - металл иондарының да, простетикалық топтың да (немесе коферменттердің) болуы қажет.

Thumb
Коэнзим А

Коферменттер - толық молекулалы заттар, олар жоғары температураға төзімді келеді жəне ферменттің белоктық бөлігінен оңай ажырайды. Мысалы, диализ кезінде осылай болады. Олар сөзсіз қажетті кофактор ретінде ферменттердің катализдік жұмысына қатысады.

Remove ads

Витаминді коферменттер

Коферменттерге активті тобы бар витаминдер - тиаминпирофосфат (В1 витаминінің туындысы), никотинамидті коферменттер (РР витамині бар) жатады. В2, В6, В12, витаминдері жəне басқа да витаминдер кіреді. Сондықтан да витаминнің жеткіліксіз болуы коферменттердің синтезін бұзады, соның салдарынан тиісті ферменттердің түзілуі тежеледі. Осыдан кейін зат алмасу бұзылады жəне адам мен жануарлар организмі бірқалыпты тіршілік ете алмайды.

Remove ads

Витамінсіз коферменттер

Витаминдік емес коферменттер де бар. мысалы, металлпорфириндер (цитохромдағы гемдер), нуклеотидтер (УДФ-глюкоза), пептидтер (глутатион), т.б. осындай коферменттер. Мұндай коферменттер зат алмасудың аралық өнімдерінен түзіледі жəне əрқашан да организмде болады. [1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads