Кристофер Марло

From Wikipedia, the free encyclopedia

Кристофер Марло
Remove ads

Кристофер Марло (ағылш. Christopher Marlowe) (26 ақпан 1564, Кентербери — 30 мамыр 1593, Дептфорд) — ағылшын ақыны әрі драматург. Етікшінің баласы. Кембридж университетін бітірген соң бакалавр, кейін магистр дәрежесіндегі ғылми атаққа ие болды. Діни мансапқорлықтан бас тартқаннан кейін, 1587 жылы Лондонға ауысты. Онда актерлік қызмет атқарып, кейіннен драматургиямен шұғылданды. Атеистік және республика көзқарасы үшін өмірінің соңғы жылдарында жасырын полицияның бақылауында болды. Марлоның "Ұлы темір" атты бірінші трагедиясы (1587-88) Темірдің өмірін сахнада көрсетуге арналған. "Доктор Фаустың трагедиялық тарихы" (1592) пьесасында сиқыршы мен ғалым бейнесін көрсетіп дінге қарсы тұрды. "Эдуард II" (1593) тарихи хроникасында Марло батырларын дәне дарашылдықтан гөрі өмірге жақындастырды. Марло жазған трагедиялар сол жанрдың дамуындағы жаңа кезең болды.

Quick facts Туған күні, Туған жері ...
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads