Кіші Борсық

From Wikipedia, the free encyclopedia

Кіші Борсық
Remove ads

Кіші БорсықСолтүстік Арал маңындағы құмды алқап.

Quick facts Сипаттамасы, Климаты ...
Remove ads

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысының Арал аудандары жерінде.

Жер бедері

Кіші Арал теңізінің солтүстігінде 80 км-ге созылған. Ені 10-25 км. Орташа биіктігі 150-170 м, абсолюттік биіктігі 213 м (орта тұсында). Тұран тақтасының синклинальдық иінінде. Әр түрлі бұта және шала бұта басқан құм төбешіктерден, шағыл құмдардан тұрады. Құм шөл белдемінде жатыр.

Геологиялық құрылымы

Құмды алқап бор және палеоген тау жыныстарының жел (эол) әрекетінен үгілу нәтижесінде пайда болған.

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы суық (қаңтардың орташа температурасы –12–15°С), жазы ыстық, құрғақ (шілденің орташа температурасы 25–26°С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 мм, көктемнің соңы мен жаздың басында жауын көп жауады. Грунт суы 2-40 м тереңдікте кездеседі, көбінесе тұщы.

Өсімдігі

Құмайт қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, бетеге, жүзгін, т.б. өседі. Құмда қыстаулар, тұщы құдықтар көптеп кездеседі.[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads