Күнгей жотасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Күнгей жотасы
Remove ads

Күнгей жотасыЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік шығыс сілеміндегі жотасы.

Quick facts Сипаттамасы, Тау жүйесі ...
Remove ads

Географиялық орны

Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде. Батыстан шығысқа, солтүстік-шығысқа қарай 55-60 км-ге созылып жатыр, ені 15-20 км. Ең биік жері 3014 м.

Геологиялық құрылымы

Күнгей жотасы төменінде тас көмірдің саздақты тақтатас, құмтас жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

Оңтүстік беткейі тік. Жотаны өзен аңғарлары қатты тілімдеп шатқал жасаған. Көксуат өзінің аңғары оңтүстіктегі Тастау жотасынан бөліп тұрады. Солтүстігінде Жүнжүрек, Арқалық және Жабық таулары орналасқан. Алакөл көліне қарайтын солтүстік беткейлерінен Көкмойын, Жаманты, Қызылтал, Қаратал өзендері бастау алады.

Өсімдігі

Аңғарларында қайың, тал, терек, орта белдеуінде қылқан жапырақты орман, жоғары жағында тау шалғыны, арша өседі. Етегі жазғы жайлау.[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads