Көксу ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Көксу ауданы — Жетісу облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Балпық би.
Remove ads
Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Қаратал ауданымен, шығысында Ескелді ауданымен, оңтүстігінде Кербұлақ ауданымен, батысында Алматы облысының Балқаш ауданымен шектеседі.
Жер бедері
Ауданның шығыс, оңтүстік-шығыс бөлігі таулы-қыратты. Оңтүстік-шығысында Шаған тауы, шығысында Албасу (Лабасы), Қызылауыз, Сарыбастау, Жуантөбе, оңтүстігінде Ашудасты, Достар, Ақшоқы таулары, батыс бөлігінде Көкшиелі жотасы орналасқан. Батысын Мойынқұм, Аралқұм, Жетіжал құмдары алып жатыр. Ауданның ең биік жері Шаған тауларында (2551 м). Кен байлықтарынан Желдіқара кен орнында алтын және күміс кендерінің қоры барланған, сондай-ақ құрылыс материалдарының қоры бар.
Remove ads
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Көксу ауданының климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –9 – 11°С, қыс айларының кейбір күндерінде ауа температурасы –35°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 22 – 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірлерде 150 – 250 мм, шығысындағы таулы өңірлерде 400 – 550 мм. Аудан жерімен Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр өзендері ағып өтеді. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, елік, жабайы шошқа, шиебөрі, суыр, сарышұнақ, қосаяқ, құстардан кекілік, бұлдырық, бүркіт, қырғауыл, дуадақ, шіл, бозторғай, бөдене, т.б. кездеседі.
Шаруашылығы
Аудандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорны – «Көксу-Шекер» АҚ қант зауыты. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жалпы аумағы 638,2 мың га (2008), оның ішінде жыртылған жері 29,8 мың га, шабындығы 9,3 мың га, жайылымдары 600 мың га. Өсімдік шаруашылығында астық дақылдары басым (13,3 мың га).
Халқы
Аудан халқының саны 41 578 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (82,18%), орыстар (10,65%), ұйғырлар (0,49%), әзербайжандар (3,22%), татарлар (0,91%), шешендер (0,38%), немістер (0,44%), корейлер (0,95%), басқалары (0,78%).
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 34 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads