Көкшетау тауы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Көкшетау тауы
Remove ads

КөкшетауСарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды көлді тау.

Quick facts Сипаттамасы, Пайда болған кезеңі ...
Thumb
Бурабай
Remove ads

Жер бедері

Оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 км-ге доғаша иіле созылып жатыр, ені 5 км-дей. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі: солтүстігінде Көкше, Бура, Жеке-Батыр, оңтүстігінде Айыртөбе (Седловатка), Шортан шоқылары бар. Тектоникалық жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп тілімделген. Соның салдарынан гранит ашылымдары сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын аласа таулы жартасты бедер құрайды. Қылшықты өзені осы таудан бастау алады.

Remove ads

Геологиялық құрылымы

Тау девон, силур кезеңі граниттерінен түзілген.

Өсімдігі

Тау беткейлерінің шымды күлгін топырағында қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі.

Емделу, демалыс орындары

Көкшетауда Бурабай, Оқжетпес, Щучинск, т.б. санаторийлер, көптеген демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан.[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads