Көпбай Омаров

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Көпбай Омаров (3.1.1929, Созақ ауданы Сызған ауылы – 1989, Ташкент) – айтыс ақыны. Көпбай Омаровтың 2 ұл, 4 қызы бар. Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педогогткалық институтын бітірген (1950). Ұстаздық қызметі 1950 жылдан басталып, осы салада үздіксіз 40 жыл еңбек еткен. Берен атындағы орта мектепте өмірінің соңына дейін ұстаздық етті. Бұл мектеп қазір Көпбай Омаров есімімен аталады. 1964 жылы Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ақындары қатысқан айтыста 1-орын алған. Бұдан кейінде талай айтыстардың жеңімпазы болды. Ол нағыз суырыпсалма ақын әрі асқақ үнді әнші. Тайжан, Нартайдәстүрін жалғастырып, жез сырнайға әсем үнін қосқан Көпбай Омаров музыка аспаптарында шебер ойнайтын. Сүгірдің «Қаратау шертпесі» мен «Бозінген» күйлерін нақышына келтіре орындайтын. Ақын 1989 жылы мамыр айында Өзбекстан мен Қазақстан ақындары арасында өткен айтысқа қатысты.[1][2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads