Лас-Пальмас (футбол клубы)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Лас-Пальмас (футбол клубы)
Remove ads

«Лас-Пальмас» ( исп. Unión Deportiva Las Palmas) — Лас-Пальмас де Гран Канария қаласындағы испаниялық кәсіби футбол клубы. 1949 жылы құрылған.

Quick facts Толық атауы, Лақап аттары ...
Remove ads

Тарихы

1949 жылы 22 тамызда жергілікті бес команданың бірігуі нәтижесінде құрылған (олардың эмблемалары қазіргі Лас-Пальмас эмблемасында бейнеленген). 1951 жылы бірінші рет Примера лигасына жолдама алды, бірақ бір жылдан кейін қайтадан Сегундаға түсіп қалды. 1954 жылы жоғарғы лигаға оралды, бірақ алты жылдан кейін ол қайтадан Сегундаға түсіп, Ла Лигада соңғы орынға ие болды және чемпионат көшбасшысы Барселонадан екі рет 0:8 есебімен жеңіліп қалды. 1968/69 маусымында клуб ел чемпионатының күміс жүлдегері, ал 1967/68 жылғы маусымда Испания чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ, Лас-Пальмас 4 рет Сегунда чемпионы атанды: 1953/54, 1963/64, 1984/85 және 1999/00. 1977/78 маусымында клуб Испания кубогының финалына шықты. 1969/70 жылғы жəрмеңкелер кубогында бірінші раундта ұтылды. 1972/73 жылғы УЕФА кубогының үшінші кезеңіне және 1977/78 жылғы УЕФА кубогының екінші кезеңіне жетті. 2004-2006 жылдар аралығында Сегунда В-да ойнады. 2014/2015 маусымының соңында ол Примераға қайта оралды. Жалпы Ла лИгада 31 маусым өткізді. 2017/2018 жылғы маусымда 19-орын алып, қайтадан Сегундаға оралды.

Remove ads

Жетістіктері

Ұлттық

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads