Лицензия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Лицензия (лат. licentia — рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат.
- Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.[1]
- Мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты. Жеке тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша белгілі бір мерзімде қолданылатын экспорттық-импорттық операцияларға бақылау орнату нысанының бірі.[2]
- Жеке адамдар немесе ұйымдарға патентпен, техникалық біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия, сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты пайдалануға рұқсат беретін құжат.[3]
Remove ads
Лицензия нысаны
Лицензия нысаны - лицензиялық келісім бойынша берілетін техниканың немесе технологияның нысаны.
Лицензиялық жүйе
Лицензиялық жүйе тауарлардың әкелімі мен әкетілімін ұйымдастыру нысандарының бірі. Мұнда импортшы немесе экспортшы өзінің тауарларының әкелімі немесе әкетілімі құқығын сатып алу үшін жазбаша рұқсат (лицензия) алуға тиіс, бұл орайда, лицензиялық алым алынатын болса, осы алымды төлейді.
Лицензиялық келісім
Лицензиялық келісім лицензияларды, "ноу-хауды", тауар белгілерін, т. б. пайдалану құқығын беру туралы келісім; Бұл келісімде патенттік лицензия беру; бірнеше патентті және олармен байланысты "ноу-хауды" кешенді түрде беру көзделуі мүмкін.[4]
Лицензиялық паспорт
Лицензиялық паспорт - нысанды лицензиялық келісімшарт бойынша шетелдік сатып алушыға сатудың заңдылығын негіздейтін құжат. Онда лицензия пәніне қатысты техникалық құжаттардың көлемі; ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қажет шығындар; лицензия нысанына кіретін өнер табыстар мен өнеркәсіп нысандарын патенттеу туралы мәліметтер және т.б. болады.
Лицензиялық төлемақы
Лицензиялық төлемақы заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға (авторына) осы меншікті коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы үшін ақы төлеуі.[5]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads