Лоренцо Бернини
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Джованни Лоренцо Бернини (итал. Giovanni Lorenzo Bernini; 7 желтоқсан 1598, Италия, Неаполь — 12 қараша 1680, Рим) — итальян сәулетшісі, мүсінші. Барокконың аса көрнекті өкілі. Рим қаласын көркейтуге көп еңбек сіңірді, ғибадатханалар мен сарайларды қайта салуға қатысты, мүсін-ескерткіштермен безендірді. Кең тыныстылық пен салтанаттылық, бай нақыш, ғимараттарға көрік берер жарық әсерін ұтымды әрі еркін пайдалану, бірнеше өнер түрінің біртұтас синтезін жасау Бернинидің сәулетшілік шығармашылығына тән қасиет. Римдегі Әулие Петр алаңының ансамблі (1657 — 63) мен Санта-Андреа аль-Квиринале шіркеуі (1653 — 58) осының дәлелі. Бернини сәулет және мүсін өнерлерін түрліше әдістерді (бояу, алтын жалату, жарық қасиетін пайдалану) қолданып, ұтымды үйлестірді. Ол серпімді қимылды, ішкі сезім сырларын нәзік бейнелеу арқылы мүсін өнерін кемелдендіре түсті (“Давид”, 1623; “Аполлон мен Дафна”, 1622 — 25, Рим). Бернинидің асқан шеберлігі мен бай қиялы су ататын хауыздар жасаудан көрінді (Барберини алаңындағы “Тритон хауызы”, 1623 — 37; Навон алаңындағы “Төрт өзен хауызы”, 1648 — 51, т.б.). Бернини шығармалары 17 — 18 ғасырлардағы еуропалық өнерге үлкен ықпал етті.[1]
Remove ads
Галерея
-
"Әулие Тереза экстазы"
-
"Прозерпинаны зорлауы" (1621–1622)
-
Әулие Пётр коллонадасы
-
"Пьяцца сан Пьетро" — Бернинидің ең әйгілі шығармасы"
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads