Луиз Фелипе Сколари
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Луиз Фелипе Сколари[2] (порт. Luiz Felipe Scolari; 9 қараша 1948) — бразилиялық футболшы, бапкер. Бапкер ретінде 2002 жылы әлем чемпионы (Бразилия құрамасымен), 2004 жылы Еуропаның күміс жүлдегері атанды (Португалия құрамасымен).
Remove ads
Бапкер болған жылдары
Бразилия мен Португалиядан бөлек 1990 жылы Кувейт құрамасының бапкері қызметін атқарды. Ең табысты жылдары ретінде Португалия мен Бразилияны баптаған кезін айтуға болады. 2002 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуі өтіп жатқан кезеңде, яғни 2001 жылы құрама тізгінін қолына алды. Құраманың сүреңсіз ойынын бір ізге түсіріп, әлем біріншілігіне жолдама алды. Әлем чемпионатында құрама барлық ойында жеңіске жетіп, бесінші рет әлем чемпионы атанды. Бірақ чемпионаттан кейін көп ұзамай бұл қызметтен кетті.
Remove ads
2003 жылы Португалия құрамасының бапкері боп сайланды. Оған 2004 жылы Еуропа чемпионы атану міндеті тапсырылды, Егер Грекия құрамасы сенсация жасамағанда бұл мақсат орындалар еді. Алайда финалға дейін жеткен португалдықтар гректерден 0:1 есебімен ұтылды да, күміс жүлдені қанағат тұтты.
2006 жылғы әлем чемпионатында құрама жартылай финалға дейін жетіп, Франциядан 0:1 есебімен жеңілді. Үшінші орын үшін матчта да Германиядан 1:3 есеімен ұтылды. Төртінші орында қалғанына қарамастан, Сколари Португалия құрамасының бапкерлігінен босатылмады. 2008 жылы Еуропа чемпионатында Португалия ширек финалда Германиядан ұтылды да, осы матчтан соң Сколари қызметінен босады.
2008-12 жылдары Сколари Англияның "Челси", Өзбекстанның "Бунедкор", Бразилияның "Палмейрас" клубтарының тізгінін ұстады. 2012 жылы қайтадан Бразилия құрамасына бапкер болды да, команданы 2014 жылғы әлем біріншілігіне дайындады. Әлем чемпионатында Бразилия өз тобында бірінші орын алды да, 1/8 финалда Чилиді пенальтилер сериясы арқылы ғана сүріндірді. Ширек финалда тағы бір көршісі — Колумбияны бір доп айырмашылығымен ғана ұтты. Бәрібір Бразилияның сүреңсіз ойынын жартылай финалда сыр берді: құрама бұрын-соңды әлем чемпионатында ұшырамаған ірі жеңіліске тап болды: Германия бұларды 7:1 есебімен ойсыратты. Үшінші орын үшін болған ойынының қасіреті одан кем болған жоқ, Нидерландтан 0:3 есебімен тізе бүкті.
Чемпионаттан соң Сколари құрама бапкерлігінен кетті.
Remove ads
Жетістіктері
«ССА»
- Алагоас штатының чемпионы (1): 1982
«Аль-Кадисия»
- Кувейт әмірінің кубогы (1): 1989
«Крисиума»
- Бразилия кубогы (1): 1991
«Гремио»
- A сериясының чемпионы (1): 1996
- Гаушу Лигасы (3): 1987, 1995, 1996
- Бразилия кубогы (1): 1994
- Либертадорес кубогы (1): 1995
- Рекопа кубогы (1): 1996
«Палмейрас»
- A сериясының чемпионы (1): 2018
- Бразилия кубогы (2): 1998, 2012
- Меркосур кубогы (1): 1998
- Обладатель Кубка Либертадорес кубогы (1): 1999
- Рио-Сан-Паулу турнирі (1): 2000
«Крузейро»
- Сул-Минас кубогы (1): 2001
«Бунёдкор»
- Өзбекстан чемпионы (1): 2009
- «Гуанчжоу Эвергранд»
- Қытай чемпионы 2015, 2016,2017
Бразилия құрамасы
- Әлпем чемпионы (1): 2002
- Конфедерациялар кубогы (1): 2013
Португалия құрамасы
- Еуропаның күміс жүлдегері: 2004
Remove ads
- Оңт. Америкадағы жыл бапкері (2): 1999, 2002
- ФИФА-ның жыл бапкері: 2002
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads