Мазиньо
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Мазиньо (порт. Mazinho; толық есімі — Иомар ду Насименту, порт. Iomar do Nascimento; 8 сәуір 1966, Санта-Рита, Параиба) — бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 1994 жылғы әлем чемпионы. Қазіргі күндегі танымал футболшылар Рафинья мен Тьяго Алькантараның әкесі.
Remove ads
Карьерасы
1983 жылы "Санта-Круз" сапында карьерасын бастап, 1986 жылы "Васко да Гама" клубына ауысты.
Тоқсаныншы жылдардың басында Италияға келіп, "Лечче" мен "Фиорентинада" доп тепті.
1992 жылы отанына оралып, "Палмейраста" екі маусым ойнады. 1994 жылғы әлем чемпионатынан соң "Валенсияға" ауысты. 1996 жылы "Сельтамен" келісім шарт жасасып, үш маусымдай ойнады.
2000 жылы Испания сегундасындаға "Эльчеге" ауысты.
2001 жылы "Витория" сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.
Remove ads
1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған соң негізгі құрамаға да шақырту алды. 1989 жылы құрама сапында Оңтүстік Америка чемпионы атанды.
1994 жылғы әлем чемпионатында бірнеше кездесуде (соның ішінде Италиямен өткен финалдық кездесу де бар) алаңға шығып, алтын жүлдегер атанды. Бірақ осы турнирден соң құрамаға қайта шақырылмады.
Жетістіктері
- Кариока лигасының чемпионы: 1987, 1988
- Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 1988
- Бразилия чемпионы: 1989, 1993, 1994
- Оңтүстік Америка чемпионы: 1989
- Паулиста Лигасының чемпионы: 1993, 1994
- Рио-Сан Паулу турнирінің чемпионы: 1993
- Әлем чемпионы: 1994
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads