Максиллоподалар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Максиллоподалар
Remove ads

Максиллоподалар, жақ аяқтылар (лат. Maxillopoda) – шаянтәрізділердің бір класс тармағы. Теңіздерде, тұщы суларда кең таралған. Максиллоподалар жеке немесе субстратқа жабысып, паразиттік тіршілік етеді. Жақсы жетілген ауыз аяқтарын қорегін судан сүзу үшін пайдаланады. Көкірек бөлімі көбіне 6 (кейде 5 не 4) сегментті. Көкірек аяқтары қозғалыс қызметін атқарады. Құрсақ аяқтары жоқ. Максиллоподалардың ескекаяқты шаянтәрізділер, мистакокаридалар (Mystacocarіda), тұқыжегіштер (Branchіura), мұртаяқтылар (Currіpedіa), қапкеуделі шаяндар (Ascothoracіda) деп аталатын 5 отряды бар. Ең жиі кездесетіндері: тұқыжегіштербалықтардың терісінде тіршілік ететін эктопаразиттер. Олардың 130-дей түрі белгілі. Негізгі өкілі — тұқы биті (Argulus folіaceus). Паразитті тіршілік етуіне байланысты антеннулалары мен антенналары ұсақ ілмек тәрізді өсінділерге айналған. Түрленіп дамиды. Көбейіп кетсе, балық шаруашылығына зиян келтіреді; мұртаяқтылар теңіздерде тіршілік етуіне байланысты антенналары мен күрделі көздері дамымай, кеуде аяқтарының 6 жұбы қоректі аузына қарай әкелетін екі бұтақты ұзын “мұртшаларға” айналған (отрядтың аты осыған байланысты қойылған). Ересек түрлерінің денесі бақалшақпен қапталған. 1000-нан аса түрі бар. Негізгі туыстарытеңіз үйрекшесі мен теңіз жаңғағы. Соңғысының Каспий теңізінде кездесетін 2 түрі анықталған. Мұртаяқтылардың 1 түрі — саккулинаның (крабтың паразиті) денесі қап тәрізді, сабақшасының ұшынан тамыр сияқты бұтақтанып кететін жіңішке тармақтар тарайды. Олар крабтың денесіне еніп, сөлін сорады. Жыныс жүйесі гермафродитті. Саккулинаның жұмыртқаларынан науплиус шығып, циприс тәрізді дернәсілге айналады.

Quick facts Ғылыми топтастыруы, Sub-classes ...
Remove ads

Систематика

More information Тармағы, Түрі ...

[2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads