Малайсары жотасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Малайсары жотасы
Remove ads

Малайсары жотасыЖетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батысында, Іле өзенінің оң жағалауынан бастап ендік бағытта созылып жатқан жота.

Quick facts Сипаттамасы, Тау жүйесі ...
Remove ads

Географиялық орны

Алматы облысы Талғар және Жетісу облысы Кербұлақ аудандары жерінде орналасқан. Солтүстігінде Мойынқұм құмымен, оңтүстігінде Итжон үстіртімен шектеседі. Жота батыстан (718 м) шығысқа (1406 м) қарай биіктейді, жалпы ұзындығы 80-85 км, енді жері 20 км-ге жетеді.

Жер бедері

Солтүстігі мен оңтүстігінің адырлы беткейлері қатты тілімделген. Олардан жаз айларында құрғап қалатын шағын өзендер бастау алады.

Климаты

Климаты тым континентті. Ауа райының орташа температурасы қаңтарда -8-12°С (кейде -34°С-ке дейін төмендейді), шілде айында 24-28°С (кейде 35°С-қа дейін жоғарлайды). Жауын-шашынның орташа мөлшері қыс айларында 50-200 мм, жаз айларында 150-180 мм.

Топырағы, өсімдігі мен жан-жануарлары

Топырағы батысында - сұр, шығысында - бозғылт қоңыр. Өсімдіктері - жусан, бетеге, селеу, көде, қау, ебелек аралас әр түрлі шөптер. Жота қойнауын тышқан, кесіртке, жылан, т.б. жәндіктер, торғай, бұлдырық т.б. құстар мекендейді.

Елді-мекендері

Жота баурайында қыстаулар (Тоғызқұдық, Қопалы, Малайсары, т.б.), қоныстар (Көкбастау, Кербұлақ, т.б.) мен бұлақтар орналасқан. Шығысындағы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылы маңында Малайсары жотасының етегімен Түрксіб темір жолы және Алматы-Өскемен автомобиль жолы өтеді.[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads