Малай архипелагы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Малай архипелагы (малайша Kepulauan Melayu ) — әлемдегі ең үлкен және арал саны бойынша төртінші, Тынық мұхиты мен Үнді мұхитын өзара бөліп тұрған Оңтүстік-шығыс Азия мен Австралия арасындағы архипелаг. Атауы Малай рифтері атауының жайылу аумағына байланысты алынған.[1] Үлкен Зонд, Кіші Зонд, Молукк, Филиппин және көптеген ұсақ аралдар кіреді (мұхитпен бөлінетіндіктен Жаңа Гвинея аралы кірмейді) [2][3]. Ең үлкен аралы — Калимантан және Суматра. Ең тұрғыны көп арал — Ява.
Аралдарда 330 вулкан, 100-жуық әрекеттегі жанартаулар бар. Ең атақтысы — Кракатау. Малай архипелагында Индонезия (толықтай дерлік) (Индонезия Жаңа Гвинея аралының жартысын алып жатыр, ол архипелагқа кірмейді), Малайзия (жартылай), Бруней, шығыс Тимор және Филиппиндер мемлекеттері орналасқан.
Малай архипелагының барлық көлемі 2 000 000 км2,[4] 25 мыңнан астам топаралдардың аралдарынан құралады.[5] Топаралда 350 000 адам тұрады[6], халық тығыздығы 150 адам./км². Архипелағтың ірі топаралдары:
- Индонезия
- Зонд аралдары
- Үлкен Зонд аралдары
- Кіші Зонд аралдары
- Малуку аралары
- Зонд аралдары
- Филиппин архипелагы
- Жаңа Гвинея және маңындағы аралдар (кейде қосылады)
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads