Мале

From Wikipedia, the free encyclopedia

Мале
Remove ads

Мале (мальд. މާލެ) — Мальдив Республикасының астанасы әрі ең халқы тығыз қаласы. Мале және Вилингиле аралдарында орналасқан. Бастапқыда Мале патшалық арал болған, мұнда ежелгі мальдив патшалар әулеттерінің сарайлары орналасқан.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...

Бұрын қала керегелермен қоршалған. Патшалық сарай әдемі форттармен, бастиондармен бірге Насыр Ибраһим президенті келгенде, монархиядан бас тартылғанда, жойылған.

Соңғы жылдар топырақ суды толтыру технологиясы негізінде қала аумағы кеңейтілді.

Remove ads

Этимология

Қала аты санскрит тілінде «үлкен», «зор» дегенді білдіретін महालय (Mahaalay) деген сөзден шыққан. Әдетте «Mahaalay» деп сарайды атаған, содан бұл есім қалағада ауысты.

Географиясы

Қала атолла Каафу атты 1,8 км² (батысындағы кеңейтілген аумақты қосқанда) аралда орналасқан.

Әкімшілік құрылысы

Қала 6 ауданнан тұрады, олардың төртеуі Мале аралында, бесіншісі — Вилингиле аралында, ал алтыншысы жасанды арал Хулумаледе ораналасқан. Вилингиле аралында бұрын түрме болған, ал қазір қаланың ірі саяжай ауданы.
Сонымен қатар Хулуле аралында орналасқан Мале халықаралық әуежайыда қалаға кіреді .

Экологиясы

Маледе тұщы су жоқтың қасы, сондықтан оны жер асты суларын тұщыландыру арқылы алады. Қолданылған су тазартусыз мұхит суына тікелей құйылады. Қатты қалдықтар көршілес аралдарға лагуналарды толтыруға жеткізіледі. Электроқуат дизельдік генераторлар арқылы өндіріледі.

Экономикасы

Туризм саласы Мальдив елінің ЖҮӨ 28% қамтыса, Мале қаласы соның ішінде ерекше орын алады. Елдің негізгі орталығы Maлé балқы экономикалық іскерлік орталығы. Мальдив әуе жолдары компаниясы бас кеңсесі Maлéде орын тепкен[1] as does the airline FlyMe.[2]

Халқы

Халқы— 104 403 адам. (2006).

Көлік

Қаладағы көптеген такси қызметі қаланың кез келген жеріне 15-20 руфийге жеткізеді. Қала жанында аэропорт бар.

Климаты

Мале субэкваторлық белдеуде орналасқандықтан климаты екі маусыммен сипатталады: жауын маусымы және құрғақ маусым. Жауын-шашынды маусым мамырдан желтоқсанға дейін болса, құрғақ маусымы қалған төрт айға келеді. Температура жыл бойы 1-2 °C ғана өзеріп шамамен 25-30 °C аралығында.

More information Maлé ауа райы, Көрсеткіш ...
Remove ads

Телефония

Телефон және ұялы байланыс қызметін мальдивтік телекоммуникациялық Dhiraagu компаниясы атқарады. GSM ұялы байланысын екі оператор — Dhiraagu және Wataniyya Telecoms ұсынады.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads