Манипулятор
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Манипулятор (французша manіpulateur; латынша manіpulus — уыс, manus — қол) — 1) кеңістіктегі нысанды (бұйым, дайындама, зат) өңдеуде, орнын өзгертуде, т.б. адам қолының қимылына ұқсас қозғалыс функцияларын атқаратын жұмыс органымен жабдықталған механизм. Манипулятор көптеген машиналардың, механизмдердің (мысалы, прокаттық стан манипуляторы, шөміштік манипулятор, бұрғылау қондырғысының манипуляторы), автоматтандырылған өндіріс орындарының автоматтық желілерінің құрамдарына кіреді; өнеркәсіптік роботтардың бөлігі болып табылады. Кез келген бағытта қозғалыс жасай алатын және басқарылатын манипуляторлар адам денсаулығына зиянды өндірістерде (залалды, ыстық, вакуумды, т.б. орталарда) пайдаланылады. Манипулятор тікелей адам (оператор) басқаратын және өздігінен автоматты басқарылатын түрлерге ажыратылады. Олардың ішінде кең тараған түрі алыстан басқарылатын және қозғалмалы немесе қозғалмайтын негізге бекітілген механикалық “қол”. Оператор бір мезгілде теледидар экранынан “қолдың” қозғалысын бақылап, басқарып отырады. Манипуляторлар алуан түрлі болып жасалады, олардың жүк көтергіштігі ондаған грамнан жүздеген тоннаға дейін жетеді. 2) Морзе кодымен телеграфтау кезінде қолданылатын телеграф кілті. [1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads