Манчини
Уикипедия:Айрық From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Манчини (Mancini family), сұлу әпкелі-сіңлілерімен танымал италяндық ақсүйектер отбасы. [1].
МАЗАРИНИ кардиналдың немере жиені, олар Францияға келгенде әлі бала болатын. Лаура Манчини, герцогиня де Меркер (1636-57), герцог де Меркер және король IV ГЕНРИХТІҢ немересі Людовик де Вандомға тұрмысқа шықты.
Олимпия Манчини, графиня де Суассон (1639-1708), XIV ЛЮДОВИКТІҢ ашынасы болған. Әпкесі Мария-Анна екеуінің әлемге әйгілі қасіретті «улау ісіне» қатысы болған, күйеуін улады деп айыпталды. Олимпия ханзада ЕВГЕНИЙ САВОЙСКИЙДІҢ анасы болған.
Мария Манчини, княгиня де Колонна (1640 - 1715) да XIV Людовиктің ашынасы болған. Мазарини олардың некелесуіне қарсы болып, өмірінің көп бөлігін Испанияда өткізген.
Гортензия Манчини, герцогиня де Мазарини ( 1646-99) Армана-Карла де ла Портеге тұрмысқа шығып, Мазаринидің тегін алады. Күйеуімен айырылысқаннан кейін, Гортензия ағылшын королі II КАРЛДЫҢ сарайында көркімен массатанып жүрді.
Мария-Анна Манчини, герцогиня де Бульон (1649-1714) өзінің әдеби салонымен танымал болды, бірақ 1680 жылы сиқыршы Ла Вуазеннің (Катрин Монвуазен) көмегімен улау ісіне қатысы бар деп айыпталып, қоныс аударылды.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads