Маракайбо
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Маракайбо (Maracaibo), Венесуэланың солтүстік-батысындағы қала, халық саны - 1 764 038 адам (2000).

Маракайбо көлін Венесуэла шығанағымен байланыстырып тұратын бұғаздың жағалауында орналасқан, көлемі жағынан Венесуэладағы екінші қала.[1].
1571 жылы Нуэва-Самора деген атаумен пайда болған, сауда айналымы бойынша көлдің басында орналасқан Гибралтардан кейінгі екінші қала, 1669 жылы талқандалды.
Испаниядан тәуелсіздік алу үшін шайқасқан соғыс кезінде бірнеше рет қолдан-қолға көшкен. 1917 жылы мұнай табылғаннан кейінгі он жылда қала Венесуэла мен Оңтүстік Американың мұнайлы астанасына айналды.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads