Марио Кемпес
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Марио Альберто Кемпес (ис. Mario Alberto Kempes; 15 шілде 1954 жыл, Бель-Вилье) — аргентиналық футболшы, бапкер. Аргентина Ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған. 1978 жылғы әлем чемпионы және сұрмергені (6 гол соққан).
Remove ads
Өмірбаяны
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 1973 жылы Боливияға қарсы өткізді. Келесі жылы ГФР-де өткен әлем чемпионатына барды, бірақ 20 жасар шабуылшы ол турнирде көзге түсе алған жоқ. Оның жарқыраған чемпионаты 1978 жылы өз елінде өткен әлемдік форум болды. Чемпионатты сылбыр бастаған Кемпес екінші айналымнан бастап күшіне мінді. Финалда Нидерландымен ойында дубль жасап, құраманың алтын медаль алуына өлшеусіз үлес қосты. Бұл чемпионатта Кемпес барлығы 6 гол соғып, үздік мерген атанды.
Кемпес 1982 жылы Испанияда өткен әлем чемпионатына да барды. Бірақ Диего Марадона, Рамон Диас секілді жас перілердің көлеңкесінде қалып, бір гол да соға алмады.
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
Remove ads
Жетістіктері
- Әлем чемпионы: 1978
- Кубок Иелерінің кубогы: 1980
- УЕФА Суперкубогы 1980
- Аргентина чемпионы: Насьональ 1981
- Испания кубогы: 1979
- Оңтүстік Американың үздік футболшысы: 1978
- Әлем чемпионатының үздік футболшысы 1978
- Әлем чемпионатының үздік мергені 1978
- ФИФА 100 тізіміне енген
Cілтемелер
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads