Мария Каролина Австрийская

From Wikipedia, the free encyclopedia

Мария Каролина Австрийская
Remove ads

Мария Каролина Австрийская (нем. Maria Karolina von Österreich, итал. Maria Carolina d'Austria; 13 тамыз 1752, Вена8 қыркүйек 1814, Вена) – төңкерістер мен Наполеонның соғыстары кезінде күйеуін, патша IV Фердинандты басқарудан тықсыртып жіберген екі Сицилияның да патшайымы. Австрия патшаханымы Мария Терезияның қызы және француз патшайымы Мария-Антуанеттаның әпкесі.

Quick facts Лауазымы, Ту Екі Сицилияның да патшайым-консорты ...
Remove ads

Биографиясы

14 жасында Мария Каролина IV Фердинандқа тұрмысқа сөз байласқаннан кейін шешекпен ауырып, қайтыс болған үлкен әпкесінің орнына беріледі. 1777 жылы оларда ұл, болашақ патша Франциск І туылды. Неке шарттысы бойынша мұрагердің туылуы патшайымға мемлекеттік кеңеске кіруге мұрша береді. 

Өзінің көңілдесінің  ықпалынан 1793 жылы патшаны Тулонаға неополитандық кемелерді көмекке жіберуге көндірді. Әпкесінің өлімі патшайымда француздарға қарсы одан да бетер ызаландырды. 1798 жылы Неапольға кірген француз әскерінен патша отбасысы астанасынан қашуға мәжбүр болды.

Ушаковтың флоты 1799 жылдың маусымында Неапольді француздардан босатқаннан кейін ғана патша мен патшайым сол жерге қайтып оралды, ал көтерілістің жақтаушыларын өлтіре бастады. Мария Каролина Англиямен одаққа көзі жетіп, ол ағылшын елшісінің әйелімен леди Гамильтонмен достасады.  Орыс және ағылшын флоттарына сеніп патшайым 1805 жылы Неапольде француздарға қарсы соғыс жариялады. Бірақ 1806 жылы ол қайтадан қашуға мәжбүр болады. Тағы бір жағымсыз жайттың бірі Мария Каролинаның немересі Мария Луизаның Наполеонмен некесі болды.

Мария Каролина мен оның жұбайының арасында ешқашан махаббат болған жоқ. Ал патшайымның кардинал Руффоның қарақшылығына көмегі оның беделін түсірді. Жаңа ағылшын елшісі лорд Бентинк патшаны 1811 жылы Мария Каролинаны Сицилиядан қууға көндірді. Соңғы жылдарын Мария Каролина Венада өткізді. Оның өлімі жайында біліп, Фердинанд көңілдес әйелімен морганатикалық некеге отырады.

Remove ads

Балалары

Мария Каролинаның он алты баласы болған:

  1. Мария Тереза (1772—1807);
  2. Мария Луиза Амелия Тереза (1773—1802);
  3. Карло (1775—1778)
  4. Мария Анна (1775—1780)
  5. Франциск I (1777—1830),
  6. Мария Кристина Амелия (1779—1849);
  7. Карло (1780—1789)
  8. Джузеппе (1781—1783)
  9. Мария Амалия (1782—1866);
  10. Мария Антуаннета (1784—1806);
  11. Мария Клотильда (1786—1792)
  12. Мария Генриетта (1787—1792)
  13. Карло (1788—1789)
  14. Леопольдо (1790—1851),
  15. Альберто (1792—1798)
  16. Мария Изабелла (1793—1801)
Remove ads

Дереккөздер

Орыс уикипедиясынан аударылған.

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads