Марк-Вивьен Фоэ

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Марк-Вивьен Фоэ (фр. Marc-Vivien Foé; 1 мамыр 1975, Нколо, Камерун26 маусым 2003, Лион, Франция) — камерундық футболшы, жартылай қорғаушы. 2003 жылғы Конфедерациялар кубогының жартылай финалындағы Камерун-Колумбия матчы барысында жүрек талмасынан құлап, көп ұзамай қайтыс болды[1]. Қайтыс болған соң сол турнирдің күміс жүлдесімен марапатталды. "Манчестер Сити" клубы Фоэның құрметіне 23-нөмірлі жейдені ешкімге кигізбеуге шешім қабылдады.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Өмірбаяны

Карьерасын "Канон Яунде" клубында бастап, 1994 жылы "Лансқа" ауысты. 1998 жылғы әлем чемпионатында Фоэ Камерун құрамасының негізгі ойыншысы боп үлгерді де, "Манчестер Юнайтедке" ауысуға мүмкіндігі болғанымен, жарақаты кедергі болды да, ол трансфер жүзеге аспады.

Кейін "Лион", "Манчестер Сити" секілді топ-клубтарда доп тепті.

2003 жылғы Конфедерациялар кубогында да Фоэ жетекші ойыншылардың бірі болды, Камерун Бразилияның өзін ұтып кетті — 1:0.

Жартылай финалда Камерун Колумбиямен кездесті. 71-минутта күтпеген жерде есінен танып құлады да, дәрігерлердің арпалысқаны шипа бермей, 45 минуттан соң өмірден өтті. Финалдағы Камерун - Франция (0:1) кездесуінде футболшылар алаңға "Фоэ" деген жазуы бар жейдені киіп шықты.

Remove ads

Жетістіктері

  • Франция чемпионы (2): 1997/98, 2001/02
  • Франция лига кубогы (2): 1998/99, 2000/01
  • Камерун кубогы (1): 1993
  • Африка Ұлттар кубогының жеңімпазы (2): 2000, 2002
  • Конфедерациялар кубогының финалисі (1): 2003

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads