Марк Вильмотс

From Wikipedia, the free encyclopedia

Марк Вильмотс
Remove ads

Марк Вильмотс (нидер. Marc Wilmots; 22 ақпан 1969[1], Донгельберг, Бельгия) — бельгиялық футболшы, шабуылшы, жаттықтырушы. Бельгия және Кот-Д'Ивуар құрамаларын жаттықтырды.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Карьерасы

Ойыншы карьерасы

1990-2002 жылдары Бельгия құрамасында ойнады. 1998 жылғы әлем чемпионатының екінші ойынында Мексиканың қақпасына екі доп соқты.

2002 жылғы әлем біріншілігінде топтық турнирдің үш ойыннында да гол соқты. 1/8 финалда Бразилияның қақпасына соққан таза голын төреші түсініксіз себептермен есептемей тастады.

Карьерасында төрт бірдей әлем чемпионатына қатысты. "Мехелен", "Стандард", "Бордо", "Шальке" клубтарында доп тепті.

Remove ads

Бапкер карьерасы

"Шальке" клубында ойнап жүріп, 2003 жылы футболшылық карьерасын аяқтады да, келесі жылы бапкерлікті де осы клубты жаттықтырудан бастады.

2012-16 жылдары Бельгия құрамасын жаттықтырды. 2014 жылғы әлем чемпионаты мен 2016 жылғы Еуропа чемпионатында ширек финалға жетті. 2016 жылғы ЕУРО-дан соң ол қызметтен кетті.

2017 жылы Кот-Д'Ивуар құрамасының бас жаттықтырушысы боп тағайндалды. Бірақ 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде құрама финалдық турнирге жолдама ала алмады да, ол қызметтен де босады.

Жетістіктері

  • Бельгия құрамасы сапында әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан ойыншы: 5 гол
  • Бельгиядағы жыл бапкері: 2014

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads