Мартирос Сергеевич Сарьян

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Мартирос Сергеевич Сарьян(28.2.1880, қазіргі Дондағы Ростов, 5.5.1972, Ереван) - совет кескіндемешісі, КСРО халық суретшісі (1960). КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі (1947), Армения КСРҒА-ның академигі (1956), Социалисттік Еңбек Ері (1965). Армения КСР Суретшілер одағының председателі(1947-1951).

Өмірі

1897-1904 ж. Мәскеудің кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде оқып, 1902-1904ж. сонда В.А.Серов пен К.А.Коровин шеберханасында білімін жетілдірді. П.Гоген, А.Матисс творчествосы, импрессионизм ағымы ықпалында болды. «Көше. Талтүс.Кнстантинополь» (1910, Мәскеу, Третьяков гал), «Күнгей қысы» (1934, Мәскеудегі Шығыс халықтары өнері музейі) картиналарының, «Менің Отаным» топтамасының, (1952, Еревен,Армения сурет галериясы), портерттердің («Р.Н.Симонов», «А.Исаакян», «Палитралы автопортрет» т.б.), театр дкорация эскиздерінің (А.Спендиаровтың «Алмаст» операсы, 1938-1939, Ереван, А.Спендиаров атындағы опера және балет театры ) авторы. Сарьян еңбектері әсершілдік, сәнділік, бояу қанықтылығымен әрі азаматтық пафосымен ерекшеленеді. Сарьян творчествосы армян совет кескіндемесінің қалыптасып даму жолында ұлкен роль атқарды.

Remove ads

Сыйлықтары

Лениндік сыйлық (1961) пен КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1941)2-4 сайлау КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. 3 рет Ленин орденімен және басқа 2 орденмен марапатталған.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads