Меланхолик
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Меланхолик (грек. μέλαινα χολή — қара өт) — адамдарға тән төрт темпераменттің бірі. Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе болса да ішінде сақтайды. Меланхоликтің де жағымды және жағымсыз жақтары болады. Егер де меланхолик — темпераментті адам дұрыс тәлім-тәрбие алмаса, ондай адам өзінен-өзі тұйықталып, жұрттан өзін оқшау ұстауы мүмкін. Адамда болатын темпераменттердің қай-қайсысы да жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті болып саналады.
Меланхолик, уайымшыл - (ағылш. melancholic; нем. Melancholiker m; гр. melanos - черный + сһоlе – желчь) - жабырқаңқы көңіл-күй мен қамықтыратын ойларға бейім адам. Қозуы әлсіз (өз темпераменті бойынша), жан толғанысының терең және ұзақтығымен дараланатын адам.[3]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads